Жастарымыз жарады

Жақында Астана қаласында каратэден халықаралық турнир аяқталды. Еліміздің ең мықты деген спортшылары бас қосқан сайысқа Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Белоруссия, Франция елдерінен де жас спортшылар қатысып, өзара шеберлік байқасты. Ел намысын қорғаған Түркістан облысының саңлақтары халықаралық додадан 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. 

Жекпе-жекте барлық қарсыластарын жеңген түркістандық 45 келідегі Айзере Әбдірасыл мен тағы бір жасөспірім спортшы қызымыз, 47 келідегі Ақниет Темірханова жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, 61 келідегі талантты жерлесіміз Әсел Қанай әйелдер арасындағы сында жеңімпаз атанды. Бұдан өзге жастар арасындағы сында 55 келіде өнер көрсеткен Елнұр Төребек те жеңістің ең биік тұғырынан табылды.
Ал, Ақсұлтан Өмірзақ 55 келі салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, 55 келі салмақтағы Гүлмира Үсенова әйелдер арасында күміс жүлдегр атандыі. Бұдан басқа Астана төрінде өткен бәсекеде жерлестеріміз Меруерт Әбен, Нұржан Кенжебек, Абылай Төлтай қола жүлдегер атанды. 
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрама командасы бас жүлдеге ие болып, жанкүйерлерді қуанышқа бөледі.

Пікір қалдырыңыз