Бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау

Бизнесті заңсыз тексерулерден және кәсіпкерлердің конституциялық құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бизнес субъектілерін заңсыз тексерулерден қорғау және болдырмау мақсатында «Qamqor» мобилдік қосымшасы іске қосылған, яғни кез келген кәсіпкердің құқықтық статистика органдарының http://qamqor.gov.kz порталы арқылы өзгеде толық ақпараттар алу мүмкіндігі бар.
«Qamqor» мобилдік қосымшасы арқылы мемлекеттік органның (төтенше жағдайлар, мемлекеттік кірістер органының тексерулері және т.б.) тексеру негізділігін және мекенжайыңызға қатысты жоспарланған тексеру туралы ақпараттарды біле аласыз.
Мобилдік қосымша «Android», «iOS» үшін қолжетімді.
Бұдан өзге статистикаға тоқталар болсақ,Түркістан облысы бойынша мемлекеттік органдармен 2023 жылдың 7 айында жалпы саны1 337 тексерулер жүргізілген. Олардың 468 жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тағайындалған, оның ішінде шағын кәсіпкерлікке - 299, орта кәсіпкерлікке - 79, ірі кәсіпкерлікке - 90.
Көрсетілген мерзім ішінде 24 (оның ішінде кәсіпкерлік субъектісі - 19) заңсыз тексеру анықталып, бақылау және қадағалау органдарына тиісті шара қолданылды, сондай-ақ негізсіз тіркеуге ұсынылған7 тексеру актісі тіркеуден бас тартылды.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің
Түркістан облысы бойынша
департаменті