Бәрін базардан сатып алып жесең... ауылда тұрып не керек?!

Журналистің жүрмейтін жері бола ма?! Бірде іссапармен тау баурайына орналасқан Қайыңды ауылына жолым түсті. Мақсат белгілі, аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысу, нақтысы, мұндағы елдің қандай ауыз су тұтынып отырғанын білу. Шынын айтқанда, шағын өзендер мен жер астынан бұрқылдап қайнап шығып жатқан бастау, бұлақтары көп бұл өңірдің тұрғындары ауыз судан соншалықты азап шегіп жүрмегендері байқалады. Айналдырған отыз шақты отбасының ішкені алдында, ішпегені артында... Қолдағы малы жота-жоталарда емін-еркін жайылып жүр. Жергілікті тұрғындар өз иелігіндегі жерлерге көкөністің көптеген түрін өсіріп, бала- шағаларының ризықтарын айырып отыр. Үйіргелік жерлеріндегі бау-бақшалары да ерекше жайқалып тұр.
Осы ауылдың шеткері жағында Қайырбек деген көкем тұрады. Кеңес Одағы кезінде механизатор болған. Бір өкініштісі, ол кісінің қазіргі тұрмысы тым жүдеу көрінді. Тозығы жеткен бес бөлмелі үйінің сырты алабажақ. Дер кезінде сыланып, әктелмегендіктен жауған жауыннан кірпіштері мүжіліп, қаусап тұр. Үйіне жақын соғылған мал қорасының да жағдайы оңып тұрғаны шамалы. Қырық жамау шифері тым ескіріп кеткен. Жұрттан естуімізше, бұл отбасының қорасында мал жоқ. Бау-бақша ұстап, көкөніс егуді ойына да алмайтын көрінеді. Әйелі екеуі сәбіз, қызанақ, қияр, картопты аудан орталығындағы базардан сатып әкеледі. Жанымдағы әріптесім екеуміздің қызметтік көлігіміз кешігіп жатқандықтан сол үйдің есік алдында бірер сағаттай аялдағанымыз бар. Жеңгей шаң басып кеткен түсі белгісіздеу көрпешені бұрқ еткізіп жыртық текеметтің үстіне тастай салды. Қайырбек көкеміз қайдан әкелгені белгісіз, арзанқолдау арақты дастарқанның үстіне қойды. Бір сағат дегенде әрең қайнаған сары жез самаурын екі иығынан әзер дем алып, жанымызға жайғасты.
– Балаларымыздың бәрі алыста, құрылыста жүр. Үйде жеңгелерің екеуіміз ғана. Ауылда жұмыс жоқ болғандықтан тек қана пенсиямен күн көріп отырмыз, – деп бастады көкеміз әңгімесінің біссімілласын.
– Сонда қанша аласыздар? – дедім отағасына сынай қарап.
– Ой, арзымайды ғой. Екеуіміздің пенсиямызды қосқанда 150 мың теңгеге әрең жетеді. Ол қай жыртыққа жамау болады дейсің?!
– Неге мал ұстамайсыздар? Құдайға шүкір, үйіргелік жерлеріңіз кең, жайылымдарыңыз да баршылық екен. Бақша дақылдарын базардан удай бағаға алғанша өздеріңіз-ақ егіп алмайсыздар ма? – дедім тағы қарап отырмай.
– Ой, оған уақыт қайда? Менің аяғым ауырады, жеңгелеріңнің белі шыдамайды. Огород егіп машақат көргенше, базардан-ақ сатып алмаймыз ба?! – деп көкеміз де өз ойынан қайта қоймады.
Кішкене тапшанда осылайша төрт адам шай ішіп отырдық. Жеп отырғанымыз қолдың наны емес, қатыңқыраған, оның үстіне шамалы көгере бастаған бөлке нан.
Осы кезде әбден пісіп, түсі сарғайып кеткен жоңышқаның ортасында арқандаулы тұрған қара есек бар даусымен ақырып сала берді. Даусы қандай ащы еді, түбің түскірдің...
Жанымдағы әріптесімді қайдам, мен өзім түпсіз ойға шомып кеттім. Бұл отбасы қалада тұрса мейлі, онда түсіністікпен қарауға болар еді. Ал, табиғаты тамылжыған, суы мол ауылда тұрып, бар азық-түлікті базардан сатып алатындай бастарына не күн туды соншама? Егер бау-бақша қондырмасаң, көкөністің түр-түрін егіп, рахатын көрмесең, онда ауылда тұрудың не қажеті бар? Жоңышқасында есек арқандаулы тұрған көкемнің ойында ешнәрсе жоқ. Арзанқол арақты аузына жиі апарып, тісбасарға қатқан нанды қанағат етіп, бейхабар отыр.
Көп ұзамай сарыла күткен көлігіміз көрініп, біз кетуге ыңғайландық. Қайырбек көкеміз соңғы стақан арақты өңешіне төңкеріп, жоңышқада тұрған қара есегіне қарай бет алды. Сірә, қара есектің су ішетін уақыты жақындады-ау деймін. Егесін көріп қара есек және ақырды... Ал, біз болсақ, қара есектен басқа үретін иті де жоқ бұл үйден көңілсіздеу аттандық...
О.КӨМЕКОВ.