Дастан дара шықты

Қазақ елінің баянды болашағы өзіміз тәрбиелеп отырған жас ұрпаққа тікелей байланысты. Осы орайда өзге мемлекеттермен тереземізді теңестіріп, елімізді өркениетті елдер қатарына қосар дарынды, талантты жастар өсіп келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. 

Болашағынан мол үміт күттіретін сондай жастардың бірі Созақ ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің 9 сынып оқушысы Дастан Бабайхан. Ол «Ілияс Жансүгіров оқуларының» аудандық кезеңіне қатысып, бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алды. Сәуір айында Арыс қаласында өткен облыстық кезеңде өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген талантты өрендерден оқ бойы озып шығып, республикалық кезеңге жолдама алды. Дастан бұған дейін де бірнеше сайыста топ жарған болатын. Мәселен ол аудандық «Мұқағали Мақатаев оқуында» бас жүлде алды. Облыстық байқауда бірінші орын иеленіп, ұстаздары мен ата-анасын қуантты.
Мектебіміздің мақтанышы Дастан алдағы республикалық байқауда облыстың, ауданымыздың, мектебіміздің намысын қолдан бермей, жеңіспен оралады деген сенімдеміз!

Гулия ҚҰТЖАНОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Созақ ауданы.
Пікір қалдырыңыз