Көлікті мас халде жүргізу – қылмыс

​Қоғамға қауіптілігі мен мас халде көлік жүргізу жағдайларының көбеюіне байланысты, бұл құқық бұзушылық үшін жауаптылық заңмен күшейтіледі.

 
​Автокөлік рөліндегі мас халдегі жүргізуші – қылмыскер, ажал себепкері. Ол жол қозғалысындағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Оның алдын алу мақсатында үнемі күрес жүргізіліп жатқанына қарамастан, бұл жағдай шешілмеген күйінде қалып отыр. Ішімдік жол-көлік оқиғасының туындауына жиі себепкер болуда.

​Спирттік ішімдік зейінді ыдыратады, есте сақтау қабілетін төмендетеді, қозғалыс үйлесімін бұзады. Бұл жағдайда ағза физиологиялық өзгеріске ұшырайды. Жол-көлік оқиғасының көбі мас халде көлік жүргізуге ішімдікті аз көлемде іше отырып болатынын тәжірибе көрсетті. Демек, себеп тек физиологиялық мүмкіндіктің төмендеуінде ғана емес, бұл жерде өзге де фактордың әрекеті бар. Адам көбірек ішімдік ішкенде мас болғанын сезіп, рөлге отырмайды. Егер сондай мас халде көлік жүргізетін жанкешті жүргізуші болса, ол көлікті аса сақтықпен зер салып жүргізуге тырысады.

​Қоғамға қауіптілігі мен мас халде көлік жүргізу жағдайларының көбеюіне байланысты, бұл құқық бұзушылық үшін жауаптылық заңмен күшейтіледі.

​Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабында (әрі-қарай – Қылмыстық кодекс) мас халде көлік құралдарын басқарып, бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қылмыстық жауаптылық қарастырылған.
​Азаматтардың денсаулығына нұқсан келтірген жол-көлік оқиғасына себепші болған мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 3 жылға дейін бас бостандығынан және 10 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады.
​Он жылға бас бостандығынан айыру – жол апаты салдарынан адам өлімі орын алған жағдайда тағайындалатын ең ауыр жаза. Мұндай кезде кінәлі тұлға 7-10 жылға дейін бас бостандығынан және жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылады.
​Егер азамат өз жүргізу куәлігінен айырылса да, мас халде көліктің рөліне отырса, онда оған бірден әкімшілік жаза емес 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру сияқты жаза тағайындалады.

Бұл ретте, 2022 жылы Шымкент гарнизонында бір тұлғаның мас халде көлікті басқарып, екінші тұлғаға материалдық залал келтірудің дерегі тіркелген.  

Сонымен, әскери қызметші Жұмағали шекара бөлімшесінде келісімшарт бойынша әскери қызметін атқарып жүріп, өзінің қызметтесі Шардардың автокөлігімен дүкеннен ішімдік сатып алып, автокөлік ішінде отырып, жалғыз өзі ішкен. Әрі-қарай ол қызмет орнына барып, жатын бөлмесіне кіріп демалған. Түнгі уақытта, әскери қызметші Жұмағали тағыда спирттік ішімдікті ішкісі келіп, қызметтесі Зұлпыхардың ұйықтап жатқанын пайдаланып, оның автокөлігін жымқыру мақсатынсыз, құқыққа сыйымсыз иеленіп айдап кетуге ойы туған. Әскери қызметші Жұмағали өзінің қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталған ойын жүзеге асыру мақсатында шекара бөлімшесінің аумағынан ешкімге көрінбестен шығып, қызметтесінің автокөлігін көлік құралын басқаруға құқық беретін құжатының жоқ екеніне қарамастан айдап кеткен.

Осыдан кейін, Жұмағали спирттік ішімдік сатып алатын дүкен іздеп, автокөлік рөлін игере алмай, көшелердің қиылысындағы электр бағанасына соқтығысып, оқиға орнынан бой тасалай отырып, Зұлпыхарға 1 444 590 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

​Аталған факті бойынша Жұмағали кінәсін сотта толығымен мойындап, келтірілген залалды толық көлемде өтеген.    
​Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясымен салыстырғанда, мас халде көлік көлік жүргізудің ешқандай зардаптары болмаса да, қылмыстық жаза қолданатын әрекет болып табылады.

Бұрын мас халде көлік жүргізу жол қозғалысы ережесін бұзу ретінде қаралатын және қылмыстық жауапқа тарту  үшін адам денсаулығына зиян келтірілуі керек еді. Ал, қазіргі кезде мас халде көлік жүргізудің қай түрі болса да (ішімдік немесе есірткі), қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.  
 
 
Шымкент гарнизоны
әскери прокуратурасының
аға прокуроры
әділет майоры ​​​​​​​​​     С. Абдрахманов
Пікір қалдырыңыз