«Тұран» да, «Мақтаарал» да жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалының кездесулері өтті. Түркістан облысының «Тұран» командасы Ақтаудың «Каспий» клубымен кездесті. Тартысты өткен кездесуде түркістандықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс добын ойынның 16-минутында Диалло салды. 

Түркістан облысының тағы бір командасы «Мақтаарал» Шымкенттің «Ордабасы» командасымен кездесті. Өте қызықты матчта күтпеген нәтиже тіркелді. Сауатты ойын өрнегін көрсеткен «Мақтаарал» сырт алаңда қарсыластарын 1:2 есебімен жеңіп кетті. Бұл матчта Коне және Сандовал бір-бір голдан салды. 
Осылайша, Қазақстан кубогының 1/8 финалдық бәсекесінің алғашқы кездесулері Түркістан облысының командалары үшін сәтті болды. Бұл жұптар арасындағы жеңімпаз қарымта ойында анықталады. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз