Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда
Астанада NIS-тің «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері өтті
Наурыз кездесулері – оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттырын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айрықша дәстүрі. Наурыз кездесулері 2011 жылдан бері өткізіліп келеді және заманауи ғылымның жаһандық басымдықтары ішіндегі ең өзекті тақырыптарға арналады.
Астанада денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және үлкен деректерді енгізу жобаларымен табысты жұмыс істеп келе жатқан барлық Зияткерлік мектептердің жас ғалымдары жиналды. Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары 3D-биопринтингке, ақылды протездер мен биоинтерфейстерді жасауға және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналады.
– Бүгінде жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революяция жасауда. Осы қайталанбас шараның бүгінгі қатысушылары болашақта біздің университеттің студенті атанып, тек қазақстандық ғана емес, әлемдік ғылымды да насихаттайтынына үміттенеміз, – деді Назарбаев Университетінің медицина жөніндегі вице-президент, Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли.
Білім беруді тұрақты дамыту қоры жалпы білім беретін мектептер атынан жоба қорғайтын оқушылардың үлкен тобының Астанаға сапарын ұйымдастырды. Еліміздің барлық өңірінде 17 тірек мектепті дамыту бойынша сұранысқа ие жобаның жаңа кезеңі Наурыз кездесулеріне қатысудан басталатыны анық.
Шымкент қаласының оқушылары өзекті мәселердің шешімдерін өз тараптарынан ұсында. Айта кететін болсақ, Бахытжан Жания мен Пернехан Нұргүл ұйқы безінің қызметін көрсетсе, ал Рахиева Ұлдана мен Яхия Жайна «Flat feet preventer» жалпақтабандылықтың алдын алушы мобильді қосымшаны тарту етті. Сонымен қатар, Қабылбаев Диас қазақтың ұлттық жиһазы - Қайқы бас төсекті қолданудың медициналық тұрғыдағы адам физиологиясының дұрыс қалыптасуына тигізетін оң әсері жөнінде баяндады, ал 9 сынып оқушылары Тайжанов Нұрбек пен Дәулет Арнұр-«Derma - машиналық оқыту арқылы тері ауруларының мүмкіндігін анықтау диагностикалау» атты жобаны қорғады.
Наурыз кездесулерінің қатысушылары үшін ауқымды танымдық және мәдени бағдарламалар дайындалған болатын: елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің «NIS Engineering» техноториясында робототехника және дизайндық ойлау бойынша мастер-кластар, көктем мерекесіне орай «Құрманғазының әйгілі бес күйі» мен «100 ән» атты шығармашылық сағаттар, «Наурыз тартуы» концерттік бағдарламасы, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінен түрлі сабақтар, сондай-ақ Ұлттық музей мен астаналық театрларға экскурсиялар.