«Батамен ел көгереді...»

Түлкібас ауданындағы Мәдениет үйінде Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық дәстүрді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында батагөй қариялар арасында бата беруден «Наурыз бата» атты байқау өтті.

Тарих тақтасына жазылған көсемдер мен шешендердің тапқыр сөздері бүгінгі ұрпақтың сана-сезіміне ұялап, келешегіне бағыт-бағдар беретін, арман-мақсаттарына жетелейтін өсиет. Бабалар өсиетін, даналық ұғымын ұрпағына үлгі еткен қариялар аудандық байқауда өз шеберліктерін ортаға салып, 2 бөлім бойынша бақтарын сынады.
Сайыс қорытындысында бас жүлде – «Ең батагөй қария» атағын Майлыкент ауылдық округінің намысын қорғаған Абдалимов Аманбай ата қанжығасына байлады.
ІІ орынды Түлкібас кентінің атынан шыққан Дәулетов Ермахан мен Шақпақ ауылдық округінің батагөй қариясы Бейсетаев Ермек иеленсе, жүлделі ІІІ орынды Тастұмсық ауылдық округінің тұрғыны Бейсенбаев Орынбек ата жеңіп алды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар және алғыс хаттар табысталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз