Тұрғын үй туралы біле жүріңіз

Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып саналады.

 

Тұрғын үй мәселесі  қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып саналады. Оны шешудің әр түрлі жолдары бар, атап айтқанда: сатып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, қызметтік тұрғын үй  алу, соңыра сатып алумен жалға алынған пәтерді алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу.

 

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылғы дейінгі жаңа  тұжырымдамасында отбасы институтын қолдау және сақтау мақсатында, «Бақытты отбасы» жеңілдетілген бағдарламасына қатысушылардың санаттары қайта қаралды. Атап айтқанда, толық емес отбасы санатты  «Бақытты отбасы» бағдарламасынан алынып тасталды.

 

«Бақытты отбасы»  бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап  «толық емес отбасы» санатты  бойынша кезекте тұрғандар саны 72-ға  пайызға артқан. Басқа санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар үшін тең емес жағдай тудырады.

 

Қазақстанда  ажырасулар саны жиілеп кеткен. Арасында жалған ажырасулар да жоқ емес. «Бақытты отбасы» бағдараламасы бойынша арзан несиеге үй алу үшін осындай қадамға баратын адамадардың тізімі аз емес. Жүргізілген талдауды ескере отырып және отбасы институтын сақтау және ынталандыру мақсатында  «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушыларынан  толық емес отбасы санаты алынып тасталып, жетім балалар, 1 және 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар  балаларды тәрбиелеп отырған  отбасылар,  көпбалалы отбасылар, санаты енгізілді.

 

Мемлекет  ең алдымен мүгедектігі бар азаматтарды үймен қамтуға қамқорлыққа алуда. Өйткені «толық емес отбасы», бала тәрбиелеп отырса да, жұмысқа қабілетті, жұмыс  істей алады, балаларының дені сау.

 

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 68-бабына сәйкес, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар, олар  бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, толық емес отбасы  және т.б  азаматтар жатады. Сондықтан  «толық емес отбасы» санатын алып тастау тетігі азаматтарды жергілікті  атқарушы органнан кредиттік тұрғын үй сатып алу мүмкіндігінен айырмайды. Толық емес отбасы басқа да санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтармен қатар 5 пайыз мөлшерлемемен қолжетімді қарыздар ала алады.  Енді толық емес отбасы санаты «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламасы бойынша ипотека ала алады.

 

Шаңырақ бағдарламасы мен «Бақытты отбасы» бағдарламасының айырмашылығы сыйақы ставкасында ғана.

 

 

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Пікір қалдырыңыз