Интернет алаяқтықтың түрлері және олардың алдын алу шаралары

Алаяқтықтың түрлері мен формалары әр түрлі болуы мүмкін.


Шымкент қаласы Еңбекші ауданымен қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жүргізілген талдауға сәйкес, бүгінгі таңда қала аумағындағы ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі алаяқтық болып табылады.​ ​ ​ ​

Алаяқтықтың түрлері мен формалары әр түрлі болуы мүмкін. Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет-алаяқтар деп аталатындар тұлғалар пайда болды, олардың саны жыл сайын артып келеді. 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2022 жылдыңқорытындысы бойынша көрсетілген жылы қала аумағында жалпы 9678 қылмыстіқ іс тіркеліп, оның  ішінде 3898 қылмыс алаяқтық фактісімен тіркелген,яғни алаяқтық жалпы қылмыстың 42,1% құрайды, өткен жылмен салыстырғанда алаяқтық дерегінің 7,4%-ға өсу байқалады.

Интернет желілеріндегі алаяқтықтың бір ерекшелігі- қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасында ғана емес, аның аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады. 

Аталған қылмыстарды ашу алаяқтар ақпараттық технологияларды пайдалана отырыпжелілерде тіркелу кезінде және ақша қаражаттарын алу барысында да өз деректерін жасырып жасайтындығына байланысты ерекше қиындық туғызады.Қылмыстарды объктивті тергеу мақсатында тиісті процедуралық іс-шаралар мен қажетті операциялар және т.б тергеу амалдары өткізіледі, сондай-ақ істердің тергелу барысыұқыптылықты, көптеген карточкалық аударымдар бойынша мұқият аналитикалық жұмысты, ақыл-ойдың өткірлігін және көп уақытты қажет етеді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Азаматтардың интернет-алаяқтық туралы әрбір өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі, қазіргі уақытта ол бойынша белгілі бір сот-тергеу практикасын, оларды ашу және тергеу әдістемесіннақты әзірленген. Мұндай қол сұғушылықтардың құрбаны жасына, жағдайына, ұлтына, мамандығына және т. б. статустарына қарамастан кез келген азамат болу мүмкін.

Сонымен, интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметі ретіндетаныстырады, жалған электронды чек пайдалану, сатып алу туралы хабарландыру, жарнамалық желілер арқылы тауарларды жарнамалау және сату және онлайн-кредиттерді ресімдеу арқылы жасайды. 

Мысалы,«Д» есімді тұлға 20.11.2022 жылы Телеграмм интернет желісі арқылы «Отрисовщик-бот» каналынан Каспи Банкінің төлемақы чектерін жалған жасау жолдарын үйреніп, ойына біреудің сеніміне кіріп алаяқтық жолмен жалған чек жасау арқылы мүлкін иемдену қылмыстық ойы туған.

Содан өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында, 23.11.2022 жылы Шымкент қаласындағы дүкендердің біріне келіп, азық-түлік сатып алып«Телеграм» месенджерінде тіркелген «Отрисовщик-бот» каналынан төлем жолданғаны туралы жалған түбіртек жасау арқылы алаяқтық жолмен жәбірленушінің сеніміне кіре отырып, азық түліктің ақысын төленгені жайында Каспи банк есеп шотынан 16 260 теңге жолданғаны туралы жалған түбіртек көрсетіп, жәбірленушіге аталған сомаға мүліктік шығын келтірген. 

25.11.2022 жылы аталған дерек бойынша Еңбекші АПБ оған қатысты ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеруді бастаған. (аталған жәйт бойынша тергеу эксперименті жүргізіліп, бейне жазба қоса жалғанды).

Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:

-паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге Банк қызметкерлері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет.

- жарнамадағы ақпаратты, әсіресе жақсы басылған ақпаратты мұқият және толық оқып шығу; 

кез келген ұсыныстарға сын көзбен қарау; 

- тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу; 

- белгісіз адамдарға ақша аудармау

- күмәнді шарттармен мәмілелер жасамау

банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу

- өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау;

Көрсетілген мәліметтер алаяқтарға белгілі болған жағдайда, оларға алдағы уақытта микрокредиттік қаржы ұйымдарында немесе банктерде олардың атынан несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді.

 

 

Еңбекші ауданының 

прокуратурасы

1 пікір

  • Ердебек Касымбеков
    Ердебек Касымбеков

    Маған бүгіі бірброкер телефон шалып платформа ашқызып каспий редтен 30000 алып салдырды енді мененжерміз деп екі қыз телефонсоғуда не істерімді білмеймін ертеңге созып қойдым не істесем болады кімге хабарласқан дұрыс менің телефоным 87014064974 көмек сұраймын

Пікір қалдырыңыз