Негізгі міндет – заңның үстемдігін қамтамасыз ету

леуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету барысында 194 заң бұзушылық анықталып, оларды жоюға бағытталған шаралар қабылданды.

       Өткен жылы Шымкент қаласының Еңбекші ауданының прокуратурасы бар күш-жігерін заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың, кәсіпкерлердің және мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауға, заңсыздық көріністерге тосқауыл қоюға бағыттады.

       Нәтижесінде 2022 жылы аудандағы қылмыстық ахуал жақсарды – қылмыс жасау 13,6 пайызға, яғни 2758-ден 2384-ке дейін азайды. Оның ішінде сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер 71,4%, ұрлық 19,9%, қарақшылық 50%, бұзақылық 60,3% төмендеді. Көше қылмыстары азайып, алкогольдік ішімдік ішіп жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны кеміді.

      Прокурорлардың араласуымен қызметтік бөлмелерде және абақтыда заңсыз ұсталған 10 адам босатылды, 18 адамға қатысты заңсыз жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды, есептен жасырылған 4 қылмыс анықталды.

      Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету барысында 194 заң бұзушылық анықталып, оларды жоюға бағытталған шаралар қабылданды. 25 мыңнан астам азаматтың, оның ішінде 18 мың жасөспірімнің құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді, 320 жұмысшының пайдасына  54 млн. теңгеден астам қаржы өндірілді. Заң бұзушылықтарға жол берген 300-ге жуық адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша 2 қылмыстық іс басталды.

      Қадағалау актілері бойынша мемлекеттік органдар шығарған 380  əкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылардың күші жойылды.

       Кәсіпкерлікті жаппай қолдау, заңсыз тексерістерге тосқауыл қою жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар аясында 805 бизнес субьектілерінің құқықтары қорғалды, олардың қызметіне жасанды әкімшілік кедергілерді келтірген мемлекеттік органдардың 29 қызметкері  жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен кәсіпкерлік субъектілеріне хабарламастан оларды сырттай негізсіз  әкімшілік жауапкершілікке тартқаны анықталып, 145 әкімшілік жаза тағайындау қаулылардың күші жойылды, 3 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 Негізсіз салықтық тексеруді ұйымдастырған лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, соттың қаулысымен оған айыппұл салынды. 

 Учаскелік полиция инспекторлары кәсіпкерлік объектілеріне, оның ішінде дүкен, кафе-ресторандар иелеріне бейне-бақылау камерасын, есік-терезелерге темір қоршаулар және өртке қарсы дабыл құрылғыларын орнату туралы заңсыз талаптар қойып, орындалмаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылатындары туралы кәсіпкерлерге қол қойдыру арқылы заңсыз әрі негізсіз нұсқаулар берген фактілері анықталды.

Кәсіпкерлерге берілген нұсқаулар кері қайтарылып, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында жетім балдар ұзақ уақыттан бері тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталып, прокуратураның араласуымен қамқоршылардан өтініштер алынып, жетімдер тұрғын үй есебіне қойылды.

Әлеуметтік осал топтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің және бизнес-гранттарды табыстау заңдылығына талдау жүргізіліп, осы салада заң бұзушылықтардың орын алудың басты себебі - халық арасында мемлекеттік бағдарламалар туралы жеткілікті ақпараттандырудың болмағандығын көрсетті.

Соның салдарынан азаматтардың АӘК пен қайтарымсыз гранттарды «жәрдемшілердің, делдалдардың» араласуынсыз және сыйақы бермей алуға мүмкіндік жоқтығы туралы ой қалыптасқан.

Өз кезегінде осы жағдай уәкілетті органдардың қызметкерлері арасында заңсыз әрекеттер жасауға тәуекелі жоғары екенін көрсетті.

Мысалы, жұмыспен қамту орталығының қызметкері 60-қа жуық азаматтардан АӘК пен қайтарымсыз қаржылай гранттарды алуға жәрдем беремін деп 150 мың мен 3 млн. теңге көлемінде ақшаларын алаяқтықпен иемденген.

Осы салада заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы бейне ролик әзірленіп әлеуметтік желілерде жарияланды, аудан прокурорымен «Han ТV» телеарнасына сұхбат берілді, жұмыспен қамту орталықтың қызметкерлерімен әлеуметтік желілерде онлайн форматта түсіндірме жұмыстары жүргізілді және осы бағыттағы жай күй туралы  Шымкент қаласы әкіміне ақпараттық хат жолданды.

Өткен жылы аудан прокуратурасына 1689 азаматтар мен заңды тұлғалар шағымданды, олардың ішінде 105 жеке қабылдауда болды. Әрбір өтініш мұқият қаралып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 400-ден астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Прокуратураның ықпалымен 55 азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қабылданған сот актілері заңға сәйкестендірілді.

Прокурорлардың араласуынан кейін мемлекет кірісіне 342 млн. теңге қаражат және 85 млн. теңге алимент берешектері өндірілді.

Аталған жетістіктермен тоқтамай қадағалау қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру бойынша кезек күттірмес ұйымдастырышулық-тәжірибелік шаралар қабылдануда.

 

 

Еңбекші ауданының

прокуратурасы

 

 

 

 

 

«Основная задача-обеспечение верховенства закона»

      

 В минувшем году прокуратура Енбекшинского района города Шымкента все усилия сосредоточила на обеспечение законности и правопорядка, защиту прав и свобод граждан, предпринимателей и государственных интересов.

      В результате в 2022 году криминогенная ситуация в районе улучшилась, количество преступлений снизилось на 13,6 процента, с 2758 до 2384, в том числе насильственные действия сексуального характера на 71,4%, кражи на 19,9%, грабежи на 50%, хулиганства на 60,3%. Сократилась уличная преступность, уменьшилось количество правонарушений и преступлений, совершенных в состоянии алкогольного опьянения.

        Из служебных кабинетов органов уголовного преследования освобождены 10 незаконно задержанных граждан, прекращены незаконные оперативно-розыскные мероприятия в отношении 18 лиц, выявлено 4 укрытых от учета преступлений.

      В сфере защиты общественных интересов выявлено 194 нарушений и приняты меры по их устранению. Защищены и восстановлены права более 25 тыс. граждан, в том числе 18 тыс. нессовершеннолетних, в пользу работников взыскано более 54 млн. тенге задолженности по заработной плате.

       За допущенные нарушения закона привлечены к различной ответственности свыше 300 человек. По фактам хищения бюджетных средств начаты 2 уголовных дела.

      По актам надзора отменено 380 постановлений об административных правонарушениях, вынесенных уполномоченными органами.

       В рамках работы, направленной на реализацию поручения Главы государства по массовой поддержке предпринимательства, пресечению незаконных проверок, защищены права 805 субъектов бизнеса, к дисциплинарной ответственности привлечены 29 должностных лиц государственных органов, создавших искусственные административные барьеры для их деятельности.

        Путем отмены 145 постановлении о наложении административных взыскании районного управления государственных доходов пресечена практика рассмотрения административных дел без уведомления предпринимателей, 3 должностных лица привлечены к дисциплинарной ответственности.

        Кроме этого должностное лицо налогового органа, за проведение необоснованной налоговой проверки, привлечено к административной ответственности и ему судом наложен штраф. 

        Выявлены факты необоснованной выдачи участковыми инспекторами полиции предписании субьектам предпринимательства об установке в магазинах, кафе и бутиках камер видеонаблюдения, металических решеток на окна и двери, с предупреждением об административной ответственности в случае  неисполнения данных требований.

Все выданные незаконные предписания предпринимателям были отозваны, виновные лица привлечены к дисциплинарной ответственности.

         В сфере защиты прав несовершеннолетних выявлены факты длительной не постановки детей-сирот на учет для получения жилья.  При вмешательстве прокуратуры получены заявления от опекунов и сироты поставлены на жилищный учет.

        Проанализированы причины допущения нарушении законности при предоставлении социально-уязвимым слоям населения государственной адресной социальной помощи и бизнес-грантов. Как выяснилось граждане не в полной мере информированы о порядке реализации указанных государственных программ, что формирует в их сознании невозможность их получения без услуг «помогаек, посредников» за определенное денежное вознаграждение.

В свою очередь сложившаяся ситуация создает условия для совершения противоправных действий, в том числе и самими сотрудниками центра занятости населения.

        К примеру, сотрудник центра занятости обещая гарантированное назначение и денежные выплаты по АСП и грантам «Бастау Бизнес», обманным путем завладела денежными средствами 60-ти граждан в размере от 150 тысяч до 3млн. тенге.

 В целях предупреждения нарушений законности подготовлен и опубликован в социальных сетях видеоматериал о порядке получения АСП и бизнес грантов, прокурором района дано интервью телеканалу «Han TV», сотрудниками центра занятости проведены разъяснительные работы, направлено информационное письмо акиму г.Шымкента о состоянии законности в данной сфере.

        В 2022 году в прокуратуру района поступило 1689 обращении физических и юридических лиц, из них 105 с личного приема. Каждое обращение было тщательно рассмотрено, разъяснены права и обязанности граждан. По результатам рассмотрения обращений востановлены права более 400 граждан.

Актами надзора приведены в соответствие с законом 55 судебных актов по гражданским и административным делам, исполнены судебные решения о взыскании в доход государства задолженности на 342 млн. тенге и 85 млн. тенге алиментов.

Не останавливаясь на достигнутом принимаются безотлагательные организационно-практические меры по дальнейшему повышению эффективности надзорной деятельности.

 

 

Прокуратура Енбекшинского района

 

 

Пікір қалдырыңыз