Қарыздың соңы – кісі өлімі

Оқырмандардың жадында болар, таяуда полицейлер Ақсу өзенінен белгісіз әйелдің мәйіті табылғанын хабарлаған болатын. Судан табылған мәйіт Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты.

 Түркістан облыстық полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қанат Дүмшебаевтың айтуынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Төлеби ауданының тұрғыны ұсталған.

– Тергеуде анықталғандай, қылмысқа ақшалай қарыз себеп болған. Қарызды қайтармаудың амалын ойластырған жәбірленушіні Ақсу өзеніне алдап апарып, жартастан итеріп жіберген. Әйел сол мезетте- ақ қайтыс болған. Бауыры із-түссіз кеткен соң әпкесі Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық полиция басқармасына арызданған екен. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – дейді облыстық полиция департаментінің өкілі.


Пікір қалдырыңыз