Түркістандық саңлақтар топ жаруда

Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында зілтемір көтеруден жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында кезекті Азия чемпионаты өтуде. Тәуелсіз Қазақстанның намысын жоғары деңгейде қорғап жатқан облыстық №2 олимпиадалық спорт мектебінің талантты спортшылары ғаламат жетістіктерге жетуде.

Атап айтқанда, 53 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әлішер Заитов пен қыздар арасында 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алена Гладкова жеңіс шыңын бағындырып, алтын медаль иеленді.
Сондай-ақ, Сарвиноз Насириддинова мен Барно Жұмабаева да қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, құрлық біріншілігінің жеңімпазы атанды. 
Сары құрлық елдерінің ең талантты ұл-қыздары қатысқан бұл Азия чемпионтында 84 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Ирада Абдырова мен 84 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған Сарвиноз Насириддинова білікті басшы әрі жастардың жанашыры Нұрлан Айтмұрзаев жетекшілік ететін облыстық №2 олимпиадалық спорт мектебінің шәкірттері.

***
Өзбекстан мемлекетінің Бұқара қаласында 8-11 қыркүйек күндері джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Айтулы додаға қатысқан созақтық Акбар Елубайұлы барлық қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды.
Айта кетуіміз керек, Акбар Елубай-ұлы қазан айында өтетін «Naiza fighting championship» кәсіпқой турнирінде өнер көрсетеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз