Жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер

Қазіргі таңда ел аумағында игерілмеген немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуық.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жер мәселесіне тоқталып өтті. Қазіргі таңда ел аумағында игерілмеген немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуық. Сондықтан жер мәселесі елімізде өте өзекті мәселе болып саналады.

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 92-бабының 2-тармағына сәйкес, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, (онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда), мұндай жер учаскесiн осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға болады.

 

Шымкент қаласында да құрылыс жүргізу үшін «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, бірнеше талаптар көзделген. Олар:

- Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының болуы;

- Сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

- Сараптама қорытындысы;

- Авторлық, техникалық қадағалау және мердігермен түзілген шарттар;

- Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн уәкілетті органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберу.

        

Аталған Заңның талаптары сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес жауапкершілік көзделгенін назарға алу қажет.

 

 

Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық прокуратурасы.

Пікір қалдырыңыз