Олар әлі Әлемді мойындатады

Робототехника бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды.

2022 жылдың 29-30 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионат өтті. WRO-2022 чемпионаты «Менің роботым – менің досым» атауымен роботтарға арналды.

Өңірлік жарыстардың нәтижелері бойынша ұлттық чемпионатқа Шымкент қаласынан №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатынан  9 "Б" сынып оқушысы Тойлыбаев Олжас пен 8 "Ә" сынып оқушысы Қаныбек Әмина қатысып, өз бақтарын сынаған болатын. Нәтижесінде жас зияткерлер World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионаттың жүлделі І орын иегерлері атанды. 
Олар Robosport санаты бойынша жарысқа түсті.

Жеңімпаздар ендігі кезекте оқу-жаттықтыру жиыны жазғы мектебіне қатысып, олимпиаданың халықаралық кезеңіне дайындықты бастайды. Халықаралық олимпиада 2022 жылғы 17-19 қарашада Германияның Дортмунд қаласында өтеді. 

2 пікір

Пікір қалдырыңыз