Қоқыс полигондарына айыппұл салынды

Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған жалпы 127 полигон орналасқан

Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған  жалпы 127 полигон орналасқан. Олардың 70-і мемлекеттің меншігінде болса, қалған 57 полигон  жекеменшік.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы кәсіпкерлікті тексеруге енгізген мораториге байланысты Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары құзыретті органдармен мемлекет меншігіндегі полигондар жұмысына мониторинг жүргізді. ​​​​​​​​​​​​​

2022 жылғы тексеру нәтижесінде полигондардың басым бөлігінде қоқыс тасымалы көліктерінің дөңгелектерін зарарсыздандырушы ваннасының болмауы, полигон айналасының қоршалмауы, дезинфекциялық шаралардың жүргізілмеуі сынды ҚР ДСМ бекіткен санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін кемшіліктерді анықтады. ​

Сондай-ақ, Арыс қаласы мен  Сарыағаш ауданында полионның санитариялық-қорғаныш аймағында тұрғын үйлердің орналасуына жол берілген. Қатты тұрмыстық  қалдықтар полигондарының санитариялық-қорғаныш аймағы 1000 метр болуы тиіс.

 ​​​​​​​ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігінде, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкелетін бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. ​​​​​​​

Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерге жол берген 11 заңды, 1 лауазымды  тұлғаға жалпы  соммасы 4  226 940 теңге айыппұл салынды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды  тастайтын орындарға бөлінетін жерді жергілікті әкімшілік қарастырады, және  қоқысты тазарту, тасымалдау, көму жұмыстарын ұйымдастырумен  «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық»  ММ айналысады.

Пікір қалдырыңыз