Заңсыз ұсталғандар босатылуда


      ҚР Бас прокуратураның бірінші қвзмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов  терроризм, кісі өлтіру, қару ұрлау бойынша 819 қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді. Осы істер бойынша 970 күдікті қамауға алыныпты. Соның ішінде 464 адам терроризм және жаппай тәртіпсіздік істері бойынша ұсталған көрінеді.
    Қаңтар оқиғасы әрұайсымыз үшін естен кетпес сабақ болды. Көзделген оқтан қаншама жас сарбаздар қыршын кетті,  қарапайым халық арасында қаңғырған оқтан ет жақындарынан мәңгілікке көз жазып қалғандары қаншама?! Бейғам жатқан бейбіт елдің аяқ астынан шырқы бұзылып, дүние астаң-кестең күйге түсті. Шүкір, қазіргі таңда  тыныштық қайтадан орнай бастады. Күнделікті тіршілік жалғасын тапты. Дегенмен, лаңкестер жазасыз қалмауы тиіс. Бас прокуратура осы тұрғыда еліміздегі орын алған лаңкестк «рекеттердің мән-жайларын және себептерін анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қылмысқа қатысушыларды анықтап, кінәлілерді жазаға тарту үшін қажетті шаралар қабылдануда. Бірақ асыра сілтеушілікпен жазықсыз жандардың қосақ арасында кетпеуін де қатты қадағалмаса болмайтыны түсінікті жәйт. Елдос Қилымжановтың айтуынша,   бүгінде прокуратура органдарына полиция қызметкерлеріне қатысты 91 шағым түсіпті. 19 һтініште заңбұзушылық расталмаса, 56-сы әлі тексеріліп жатыр екен. «Расталған жағдайлар да бар. Мысалы, 12 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз ұсталған 24 қала тұрғынын босатты. Сондай-ақ, ұсталған адамдардың өлімі, азаптау және билікті асыра пайдалану деректері бойынша істер тергеліп жатыр. Республика бойынша барлығы осындай 16 қылмыстық іс қозғалды»,– деді Елдос Қилымжанов.
      Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың еліміздегі ахуалды тұрақтандыру үшін қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қайта қалпына келтіруге, азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге баса мән беріп отырғаны қуантады.
Серік БАЙМҰРАТ,
заңгер – адвокат.
    

Пікір қалдырыңыз