ЖАЗЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАР БОСАТЫЛЫП ЖАТЫР


Қаңтар айында болған жағдай кім-кімнің де алаңдаушылығын туғызғаны анық. Бұл жөнінде Президентіміз арнайы мәлімдеме жасап, тұрақтылықтың бәрінен де маңызды екенін айрықша атап өтті. Десе де, қазір осы оқиғаға байланысты қоғамда түрлі пікірлер айтылып жатыр. Бірі мұны тәртіпсіздік десе, екіншілері сыртқы күштердің әсерін де жоққа шығармайды. Әрине, қақтығыс кезінде жазықсыз жапа шеккендер анықталар, оларға көмек те көрсетілер, бірақ, бұл жерде құқық қорғау органдарының жіберген қателіктерін де естен шығаруға болмайды. Егер бәрі заң аясында жүрсе, қоғамда мұндай ушығу болмас еді. Оның үстіне, бейбіт шерудегі айтылған мәселелер бірнеше жылдан бері қордаланып келген мәселелер. Дегенмен, Президент тапсырмасынан соң жағдай реттеле бастаған сияқты. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, 1083 адам қамаудан босатылса, 386 адамның ісі құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартылған. 
Дегенмен, ең бастысы, шын кінәлілер жазаланып, жазығы жоқ жандар жауапкершіліктен босатылуы тиіс. Оның бәрі заң аясында реттелуі керек. Қазір үкіметтік емес ұйымдар, өзіндік пікірі бар азаматтар, заңгерлер осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр.     
Мұхтар МҰСАҚҰЛОВ,
заңнер, адвокаттар алқасының мүшесі.

Пікір қалдырыңыз