Андраде алынбас қамал емес

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде жекпе-жек өткізетін болды. Жекпе-жектің қашан, қайда болатыны, кімнің қанша табысқа ие болатыны әзірге белгісіз. Белгілісі қос боксшы жекпе-жекті сәуір айына дейін өткізуі тиіс. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы қос боксшыны осыған міндеттеді.

Деметриус Андраде кәсіпқой рингте осы уақытқа дейін 31 жекпе-жек өткізіп бірде-бір мәрте жеңілмеген. Жеңілмегені былай тұрсын, 19 жекпе-жекте қарсыласын есінен тандырып, мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал, Жәнібек Әлімханұлы 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіс тойын тойлаған. Оның жетеуінде қарсыласын нокаутқа жіберген. 

Бокс сарапшылары бұл жекпе-жекке қатысты өз ойларын білдірді. Сарапшылардың басым көпшілігі жекпе-жек тең дәрежеде өтеді деп болжап отыр.

Жәнібек Әлімханұлы басымдықты қолына алып, қарсыласын қуып жүріп сабайтын боксшы емес. Оның бокстасу стилі бөлек. Ақылмен бокстасады. Қарсыласының босаңсыған сәтін күтеді. Қарсыласы шабуылға шыққанда жойқын соққымен күтіп алады. Егер Жәнібектің орнында GGG болғанда ол қарсыласын соққының астына алып, әлсіретер еді. Андраде ше, ол қалай бокстасуы мүмкін? Ол да Жәнібекпен қарайлас боксшы. Жабық жұдырықтасады. Ашық айқасқа кіріп кетпейді. Сондықтан бұл Жәнібекке қиын соғуы мүмкін, – дейді ресейлік «Бокс лабораториясы» арнасының сарапшылары. 

Пікір қалдырыңыз