Алдар көсе алаңсыз күлкі сыйлады!

Бауыржан ЕРМАН, «Ońtústik Qazaqstan».


Жыл сайын атап өтілетін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жер-жерде түрлі ойын-сауық, мерекелік іс-шаралар өтіп жатады. Осы орайда «Шымкентцирк» өнерпаздары да жаңажылдық бағдарламасымен өз көрермендерін қуантуда.

Бұл жолғы қойылым қазақ ертегісінің айшықты кейіпкері – Алдар көсенің қызықты оқиғаларымен байланыстырылған. Жаңа бағдарлама аясында қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті кейіпкері Алдар көсенің жиынтық бейнесі сомдалып, оның болмысын көргендер әрі көңілін көтеріп, әрі ақ пен қараның арасын айыратын әділдікке куә болды. 

Сонымен қатар, акробатикалық қойылымдар мен қолға үйретілген жануарлардың түрлі трюктары цирктің негізгі көрермені болған балаларды тәнті етті. Ал, бағдарлама соңында өз өнерін көрсеткен бүлдіршіндерге Аяз ата сыйлық таратты. 

Айта кетсек, сексен минутқа лай­ықталған бағдарлама билеттерін тикитон сайты арқылы немесе цирк кассаларынан алуға болады. Келер жылдың 9 қаңтарына дейін жалғасатын мерекелік қойылымға 5 жасқа дейінгі балалар тегін кіргізіледі.

Пікір қалдырыңыз