Дубайдан табысты оралды

16-21 қараша аралығында Біріккен Араб Əмірлігінің Дубай қаласында каратэден ересектер арасында əлем чемпионаты өтті. Дүбірлі сында Қазақстан ұлттық құрамасы жақсы жетістікке жетті. Чемпионатта командалық кумитэ бағдарламасы бойынша сынға түскен түркістандық спортшылар Спандияр Еркебек пен Абылай Төлтай қола жүлдегер атанды.

Бұл жеңіске Түркістан облысының каратэден аға бапкері Боран Төлеевтің қосқан үлесі зор. Оның шәкірттері сенімді ақтап, Қазақстанның ортақ жеңісіне үлес қосты. Отандастарымыз қола медаль үшін болған тайталаста Түркияны 3:1 есебімен жеңді.
Ал, жекелей сында Софья Берульцева мен Нұрқанат Әжіқанов қола жүлдегер атанды.

Облыс әкімінің  баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз