ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Қарулы Күштер - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар және  ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ә.Ахметова Абай және Әл-Фараби біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұжымымен кездесті.

Басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген соңғы жаңашылдықтар таныстырылып, қолданысқа енген өзгерістердің маңыздылығы түсіндірілді. Пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатындығы айтылып, қорғаныс саласы қызметкерлерінің ел мүддесі жолында адал қызмет етудің маңыздылығы ортаға салынды.

Штаб мүшесі адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттау қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, жемқорлық деңгейін төмендету, әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ашылған «Қарулы Күштер - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.

Кездесу соңында қонақтар қатысушыларды жемқорлықпен бірлесе күресуге үндеп, жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырды.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз