Жас сарбаздар батырлармен танысты

Мұнда археологиялық олжалар, хаттар, құжаттар, газеттер, соғыс жылдарындағы фотосуреттер ұсынылған.

9 мамыр - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесі қарсаңында №129 орта мектебінің «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының тәрбиеленушілері оқытушылармен бірге қалалық Жеңіс саябағындағы «Ерлік мұражайын" тамашалады.

Бұл іс-шараны Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасы әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысы қызметі ұйымдастырды, олар ұзақ уақыт бойы №129 орта мектебімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Жас сарбаздар Ұлы Отан соғысы, майдандағы және жау тылындағы жерлестерінің ерліктері, жауынгерлік наградалары туралы экскурсия жүргізушілердің әңгімелерін тыңдап, экспонаттарды мұқият қарады.

Экскурсия жетекшілері оқушылар мен олардың оқытушыларын экспонаттардың тақырыптарымен таныстырды, олардың көпшілігі «Ұлы Отан соғысына» арналған. Мұнда археологиялық олжалар, хаттар, құжаттар, газеттер, соғыс жылдарындағы фотосуреттер ұсынылған.

Мұражай экспонаттары оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Экскурсия жасаушыныңәңгімесінен кейін жас сарбаздарға экспонаттан экспонатқа еркін өтуге мүмкіндік берілді.

Оқушылар неміс және кеңестік үлгідегі зеңбіректерді, мылтықтарды, каскаларды және киім-кешектерді қызығушылықпен қарады.

Балалар өздерінің ата-бабалары батыл соғысқан ұрыстар туралы әңгімені қуана тыңдады.

Балалар қалалық мұражайда өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

«Туған өлкенің тарихын, патриоттық сезімін, өз елі үшін мақтаныш сезімін, аға буынға, жауынгерлерге құрметпен қарауды тереңірек зерттеу үшін балалармен жұмысты жалғастыру керек. Біздің әрқайсымыз үшін өздерін аямай ерлік жасаған ұлы адамдарды еске алу өте маңызды», - деп атап өтті механикаландырылған бригада әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің басшысы Жамал Оразбек.

Ұлы Отан соғысының батырларымен танысудан басқа, Жас сарбаздар Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесті. Олар балаларға қазақстандық армияның қалыптасуы мен армиядағы өмірдің қазіргі жағдайлары туралы айтып берді. Ардагерлер өздерінің әскери қызметі туралы естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз