Кез келген құнды сыйлық пара болып есептеледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Сарыағаш ауданында болып, аудан әкімдігі қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты – әділдік, жариялылық сияқты құндылықтарды ел ішінде кеңінен насихаттау.

Жиында Ерұлан Икрамұлы өткен жылдың 6 қазаны күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген жаңа тарауларды таныстырды. Ендігі жерде мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлық ұсыну пара беру болып табылады. Делдалдық та парақорлықтың бір түрі. Бұлардан сақ болу керек.

Шара соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша сауалдарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Гүлдана АЙХОДЖАЕВА. Сарыағаш ауданы.

 

 

Пікір қалдырыңыз