Өзі – мас, сөзі – лас

Арақ ішіп, көлік жүргізуді әдетіне айналдырғандар өңіріміздің әр аймағынан ұшырасып қалады. Өкініштісі сол, олардың арасында әйелдер де аз емес. Таяуда түркістандық жол сақшылары араққа сылқия тойып, көлікпен жүйткіп келе жатқан әйел адамды ұстады. Абырой болғанда, ол елді мекеннен тысқары жатқан жолда келе жатқан. Ішімдік ішкендігі анықталған соң инспектор оның одан әрі көлік жүргізуіне жол бермеген. Әйтпегенде, көзі бұлдыраған оның бір пәлеге ұшырауы кәдік еді.

Тексеру барысында белгілі болғандай, Жетісай ауданында тұратын әйел осыдан бір жыл бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Яғни қазіргі күні оның көлік жүргізуге құқығы жоқ болып шықты. Бірақ, ішімдік ішіп көлік жүргізуге әдеттеніп алған ол сот шешімі дегенді қаперіне алмайтын сыңайлы.

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ.

 

 

Пікір қалдырыңыз