Басшылар жауапкершілікке тартылды

8 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Шымкент қаласының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұдайы жүргізіп, олардың басшылары мен меншік иелерімен түсіндіру жұмыстарын да тұрақты негізде жүзеге асырады.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы №195 қаулысы мен Қазақстан Республикасының 1999 жылғы "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" №416 Заңының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан террористік тұрғыда осал 240 объектілер тексерілді. Нәтиже бойынша 10 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 8 млн. 845 мың 150 теңге айыппұл салынды.

Айта кетсек, «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының негізінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеру тоқтатылған.

ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексерілетін объектілердің 270 басшысымен, меншік иелерімен және күзет ұйымдарының өкілдерімен түсіндіру жұмысы өткізілді, террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеттері бойынша жадынамалар табыс етілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Пікір қалдырыңыз