Карантин талаптарын бұзған тұрғындар анықталды

Түркістан облысында карантин талаптарына байланысты күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Карантин режимін сақтамағандарға хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынып жатыр.

Түркістан облысында карантин талаптарына байланысты күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Карантин режимін сақтамағандарға хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынып жатыр.

Атап айтар болсақ, Шымкент-Жетісай тас жолының бойында орналасқан  мейрамхана иесі тойханада «бесік той» рәсімін өткізгені белгілі болды. Жергілікті тұрғын көше бойында орналасқан кафелердің бірін жалға алып «құдалық» жасаған. Сондай-ақ, мобильді топпен атқарылған жұмыстар барысында Құркелес ауылдық округінде орналасқан тойхананың біреуі жұмыс істеп жатқаны анықталды. Сарыағаш қаласы арқылы өтетін Шымкент – Жетісай тас жолының бойында орналасқан мейрамханада 2 бірдей жергілікті тұрғын  «тұсау кесер» өткізген. Аталған жайттарға байланысты іс-құжаттар жинақталып Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Пікір қалдырыңыз