«Учаске»: екі аптада – 4 мыңнан аса қылмыс

Қыркүйектен бастап Түркістан облысында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Желтоқсан айына дейін созылатын шара барысында профилактикалық есепте тұрғандар, ереже бұзған шетелдік азаматтар, азаматтық қару иелері мен тұрмысы нашар отбасылар, сондай-ақ базарлар мен өзге де сауда орындары тексеріліп, қылмыстың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізіледі.

Айта кетейік, түркістандық тәртіп сақшылар бүгінге дейін 44 мыңнан астам пәтер мен үйді тексеріп, тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 44 дерегін анықтады. Тұрғылықты жері жоқ 9 адам мен әртүрлі құқықбұзушылықтар жасаған 37 жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді. Учаскелік инспекторлар тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 1598 адамды тексеріп шықты.

Сондай-ақ, азаматтық қарудың 834 иесіне тексеру жүргізіліп, 11 адам ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабын (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеу тәртібін бұзу) бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 5 адамға азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін шара көрілді. Жалпы, жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде түркістандық полицейлер 4,8 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесті.

«Оңтүстік»-ақпарат.

 

 

Пікір қалдырыңыз