Ана мен бала қауышты

Түркістан облысы полицейлері жоғалып кеткен қызды тауып, анасына табыстады.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы полиция лейтенанты Палходжаев Берік жол бойында 2 жас шамасындағы қыздың жалғыз өзі жүргенін байқап қалған. Содан кейін қызды уақытша өз қамқорлығына алған тәртіп сақшысы бүлдіршіннің ата-анасын анықтау мақсатында шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетеді. Нәтижесінде балақайдың анасын тауып, аман-есен тапсырған.

Тексеру барысында анықталғандай, анасы үйінде үй шаруаларымен айналысып жүрген кезінде қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. Осы орайда, қыздың ата-анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдырыңыз