«Мотокөлік» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Ағымдағы жылдың 18-25 маусым аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментімен «Мотокөлік» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде. Ондағы мақсат – мотокөлік жүргізушілерінің тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады.

Іс-шара барысында аудандық Полиция басқармалары мен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мотоцикл жүргізушілеріне жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын   жүргізуде.

Сонымен қатар, түнгі уақытта тыныштықты бұзуға жол бермеу бойынша және қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқару сияқты құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

«Мотокөлік» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының 7 күндік нәтижесінде мотокөлік жүргізушілерімен жасалған 78 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Пікір қалдырыңыз