Түркістан облысы полицейлері отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ екенін түсіндірді

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы өткізілуде.

ҚР ІІМ-нің жоспарына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 15-18 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы өткізілуде.  

Осы мақсатта Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен 15 маусымнан бастап жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілді. Аталған шараға қоғамдық және қоғамдық емес ұйымдардың мүшелері қатыстырыла отырып облыс көлемінде, ауылдық жерлерде тұратын әйелдер арасында заңнаманы түсіндіру жұмыстары жасалды.

Акция өткізу барысында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша барлығы 3000-нан астам ақпараттық-тарату материалдары дайындалып таратылды, сонымен бірге 19 билборд пен плакаттар орнатылды. 

Пікір қалдырыңыз