ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кенесбекұлы және Шымкент қаласы білім басқармасының қатысуымен университет базасында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізуді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарының барысын танысып шықты. 


Айта кетейік, биыл ҰБТ еліміз бойынша 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Республика бойынша 130 мыңнан астам түлек тест тапсырады. Түлектер қатаң санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Аудиторияларда әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және маска кию міндетті. Аудиторияларда желдету және ауаны зарарсыздандыру жүйесі қамтамасыз етіледі.

Пікір қалдырыңыз