БІР МЕКТЕПТЕН 7 «АЛТЫН БЕЛГІ»

Білімді ұрпақ - елдің ертеңі

Шолаққорған ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде 9 және 11 сынып оқушыларына мемлекеттік аттестат тапсыру шарасы өтті. Мектепті «Алтын белгімен» үздік бітірген жеті оқушыға мектеп директоры Серғали Мәлікайдаров төсбелгілер тапсырды. Олар Әшімхан Жанель Бағланқызы, Берікқызы Аяулым, Бөрібек Арайлым Лесбекқызы, Жақып Асылзат Қуанышбекқызы, Қасымбек Адина Нұрболқызы, Қайратқызы Рано. «Алтын белгі» иегерлері арасында Жанель Бағланқызына Ахмет Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің хореграфия бөлімін жеті жыл үздік оқып бітіргендігі туралы мемлекеттік куәлік қоса тапырылды. Салтанатты шарада аудандық білім бөлімі жанындағы ата-аналар комитетінің төрағасы Мақсат Қарғабай, мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Берікбай Онбаев, бітіруші түлектердің сынып жетекшілері Үрзада Қожабекова мен Нұргүл Кенжеқараева бітіруші түлектерге ақ тілектерін жолдады. Аталмыш шараны қорытындылаған мектеп басшысы жас түлектерге сәтті сапар тіледі.

 

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз