КЕЛЕСТЕ БІРНЕШЕ ІТ СЫНЫП АШЫЛАДЫ

Келес ауданында білім саласында тағы бір игілікті шара орын алды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Келес аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен бірнеше  IT сыныптардың ашылуы жоспарланған болатын. Осыған орай бүгін аудан орталығы Абай ауылында  О.Есимов атындағы №1жалпы орта мектебінде ІТ сынып ашылды. ІТ сыныпты ашуға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиев арнайы қатысты.

Жаңадан ашылған ІТ сыныптың технологиялық мүмкіндіктерімен «Цифрлық мектеп» жобасының авторы Нұралы Құдайбергенұлы кеңінен таныстырып өтті. Жобаның мақсаты – балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау. Оқушылар әртүрлі бағдарлама арқылы білім көкжиегін кеңейтеді, түрлі компьютерлік ойындар, сабаққа қажетті бағдарламалар құрастырады. Осы мақсатта қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. IT сынып заманауи компьютерлермен, 3D принтер, жоғары жылдамдықты интернет, қажетті веб бағдарламалармен қамтылған. Өз кезегінде аудан әкімі Ақментай Есбаевта болашақ бүгінгі жастардың қолында екендігін айта келе оқушыларға заманауи үлгіде жағдай жасау ертеңгі күнімізге жалған үлкен нақты қадам екенін атап өтіп, барша ұстаздарды оқушыларға білім беруде аянбай қызмет етуге шақырды.

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз