Кенжегүл СЕРІКБАЕВА: «Әнді атақты болу үшін айтпаймын»
Бүгінде «Қазақ елі», «Қазақтың жігіті», «Қайран уақыт» әндерін өнерсүйер қауым сүйіп тыңдайды. Жақында осы әндердің орындаушысы, өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының «Ең үздік әншісі» атанған Кенжегүл Серікбаевамен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
– Алдымен әңгімемізді бүгінгі белгілі әншінің балалық шағынан бастасақ…
– Өзбекстанда туып-өстім. Әкем белгілі жыршы еді. «Аманбысың, Қазақстан аймағым, Жырлай берсем еске түсер қайдағым...» деп термелетіп отыратын. Ауыл-аймақ құрметтеп, жиын-тойға жиі шақыратын. Сонда мені жанынан бір елі тастамаушы еді. Ел, жер басқа болғанымен, қазаны оттан түспейтін, салт-дәстүрді берік ұстанған отбасында өстім. Кішкентайымнан тойларға асабалық етуге құмар болдым. Дастарқан басында әкем мен анама қалыңдық пен күйеу жақтан келген құда-құдағи ретінде сөз беріп әурелейтінмін. Екеуі меселімді қайтармай, тілектерін айтатын. «Енді ортаға әнші қыздарыңыз Кенжегүлді шақырайық!» деп өзімді өзім хабарлап, ән айтатынмын. Балалық шағым осылай өтті. Алғаш рет 10 жасымда Ташкентте өткен «Әнші балапан» байқауының бас жүлдесін жеңіп алғанмын.
– Сол Кенжегүлді бүгінде көпшілік неге Наркенже деп жүр? Өнерге өзгеше есіммен келгіңіз келді ме?
– Еміс-еміс есімде. Анам екеуміз ауруханадағы әкеме бара жатқанымызда, біз қазір бәрін сыған дей салатын болдық қой, әлде тәжік, әлде күрді әйел тоқтатып, менің атымды сұрады. Сосын шешеме: «Қызыңның атын қателесіп қойғансың, бұл нышанды қыз. Кенжегүл емес, Наркенже деп атаңыз» деді. Абдырап жүріп оның сөзіне мән бермедік. Өнерге бет бұрып, сахнаға шыққанымда халық мені «Наркенже» күйімде жылы қабылдады. Сондықтан бұл сыған әйелдің емес, елдің берген есімі деп есептеймін.
– Өнерде сатылап өскендер қатарынансыз. Алдымен дәстүрлі әндер мен термелер орындадыңыз. Дегенмен, бағыңыз эстрада жанарында жанған сияқты…
– Сөзіңіздің жаны бар. Осыдан 24 жыл бұрын Қазақстанға қоныс аудардық. Бәрімізден бұрын бұған «Туған жерімнен топырақ бұйыратын болды» деп әкем қатты қуанды. Үйдегі 11 баланың бәрі өнерден құралақан емеспіз. Бірақ, ішінде ең кішісі де, еті тірі, мінездісі де мен едім. Тұрмысымыз ә дегеннен түзеліп кете қойған жоқ. Содан біраз уақыт ақша табу үшін пойызда ән айтып, домбыра саттым. 2001 жылы Түркістан қаласындағы университетке оқуға түстім. Бірақ, отбасылық жағдайыма байланысты құжатымды қайтып алуыма тура келді. «Күдеріңді үзбе Құдайдан» деген бар. Алланың назары түскенде ғана айың оңынан туады екен. Оқудан шығып қалған соң қайтадан пойызда домбыра сатып жүргенмін. Бірде Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның сол кездегі басшысы Бастарбек Пірімбетовпен таныстым. Ол кісі мені Шымкентке жұмысқа шақырды. 2003 жылы облыстық филармонияға дипломсыз жұмысқа қабылдандым. Содан бері 13 конкурсқа қатысып, бірнеше рет лауреат атаныппын. Бірақ, сатылап жеткен биігім болған соң бәлсініп, кеудемді көтерген емеспін. Анам ұдайы «өнеріңді мойындайтын халқың бар болса ғана сен әншісің!» деп отырады.
– Демек, отбасыңызда өнерге келуіңізге ешкім қарсы болған жоқ. Өзіңіздің де бойжеткен қызыңыз бар. Қателеспесем, ол да өнерден алыс емес...
– Бойымдағы Құдайдың берген дарыны көзге көрініп тұрды деп ойлаймын. Сондықтан әке-шешем бетімнен қақпады. Өнерді тұншықтырып ұстау өте ауыр. Қызым музыкалық колледждің 1-курсында оқиды. Өнерге келгенін қаламадым, бірақ оны іштей жақсы түсіндім.
– Енді шығармашылығыңызға ойыссақ... Репертуарыңызда патриоттық әндерден бөлек лирикалық, барынша мұңды әндер де басым. Әдетте әншілер әннің тағдырға әсер ететінін айтып жатады...
– Керісінше, мен тағдырыма әсер еткен әндерді орындап жүрмін. Танылу үшін ән жаздырып, атақты болу үшін ән айтпаймын. Репертуарымдағы әндердің кез келгенінің орындалу тарихы бар. Бірде жетімдер үйіне барып концерт қойдық. Қарсы алдымда қуыршақтай қыз жанары мөлт-мөлт етіп әніме қосылып отырды. Үйге келген соң бір апта бойы жаным тыншымады. Ақыры болмаған соң жетімдер үйіне барып, әлгі қызды асырап алмақшы болдым. Балалар үйінің директоры әлгі қыздың бес ағайынды екенін айтып, бөліп-жармай бәрін бірге алуымды өтінді. Жасыратыны жоқ, енді ғана аяғымнан тұрып келе жатқандықтан өзіме үлкен жауапкершілік алуға жүрексіндім. Амал жоқ, тағы жүрегім ауырып үйге қайттым. Көп ұзамай «Сәби болғым келеді...» әні дүниеге келді. Әнді орындағаннан кейін ғана көңілім тыншыды. Алайда, әлгі әнді айтқан сайын сол кішкентай қыз көз алдыма келеді де тұрады. Тағы бірде дастарқан басында айғайлап күлгенімді көрген анам «Бейқам күліп өспеген соң, өз басым, Бос күлкіні ұнатпаймын біртүрлі» деп Мұқағали атаң айтқан екен. Мен де сол бос күлкіні ұнатпаймын!» деді. Күлкімді сап тыйып, өз-өзімнен қатты қысылдым. Әкем өмірден озып, анамның көңілі пәсейіп жүрген кез еді. Ауылдан қалаға қайтқан күні кітапханаға келіп Мұқағали ақынның кітабын ақтарып, сол өлеңін тауып алдым. «Тоқта балам, атаң келеді артыңда...» әнінің орындалу тарихы осындай.
– «Өмірімнен өзек сыр» деген өз тағдырыңызды баяндайтын термеңіз бар. Әдетте өнер иелері өз өмірлерін құпия сақтауға тырысушы еді. Кейде өз өмірімді өзім «әшкерелеп бердім» деп өкінбейсіз бе?
– Қазақтың ақын-жыршыларының барлығы өз тағдырларын термеге түсіріп, сезімдерін әнге арқау еткен. Сондықтан ішіме сыймаған дүниені сыртқа шығарғаным үшін қысылып, қымтырылған емеспін. Керісінше, термені айту арқылы бойымдағы ауыртпалықтан арылдым. Біздің қателесіп жүрген қыздарымыз қаншама... Солардың кейбіріне сабақ болар деп ойладым.
– Сахнада өз-өзіңізді биік ұстайсыз. Қимылсыз тұрып қарақұрым елдің жүрегіне жол табу қаншалықты қиын?
– Сахнаға шыққанымда мені белгісіз бір күш көтереді. Түсіндіріп бере алмаймын, бірақ қалай сенімді, сергек қалыпқа түскенімді өзім де аңғармай қаламын. Бұл Алланың, сахна мен халықтың құдіреті шығар. Менің бар болмысым осы. Мен ұлтқа бөлмейтін, бөлінбейтін адаммын. Дегенмен, қазақ дегенде шығарда жаным бөлек. «Бабам қазақ болмаса, атам қазақ бола ма?! Атам қазақ болмаса, әкем қазақ бола ма?! Әкем қазақ болмаса, мен қазақ болып туыламын ба!?» дейді емес пе?! Мен «қазағы» бар әр сөйлемді үлкен мақтанышпен, махаббатпен айтамын. Енді осындай елдің алдында өр өлеңді жеткізу үшін де өре керек, жүрек керек. Атам қазақ «Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді» деген. Менің қызметім – қимылдың емес, жүректің қызметі.
– Әлеуметтік желіде даусы жоқ триолардың көбейгеніне қынжылатыныңызды айтқан едіңіз...
– Соңғы кезде өнердің соншалықты арзандап кеткені жаныма батады. Біреулер сахнаға шығу үшін талантты болып туылады, оқиды, еңбектенеді. Ал, кейбіреулер нәпақа айыру үшін трио құрып, тойға шығады. Қазір түрі өзгергенмен, даусы бірдей триолар көбейді. Бірақ, соған қарамастан қазақ қыздарының көшеге шығып кетпей, халықтың алдында жүріп нан тауып жегеніне қуанамын.
– Триолардан бөлек, қыз ұзататын жастар да қаптап кетті. Осылай жалғаса берсе қызды кім ұзату керегін шатастырып алып жүрмейміз бе?
– Күнкөрістің көзі ғой. Шынында да, бүгінде қалыңдықтың құрбысындай қыздар қыз ұзатуға құмбыл. Меніңше, кім болса да, қызды ниеті түзу адам ұзатуы керек. Ал, дәстүр бойынша «Сыңсуды» қыз баласы өзі айтқан. «Алақаннан ұшқан аққуым» әнін жаздырғанда қыз ұзату мүлдем ойымда да жоқ еді. Жақында он күн бойы тойға тегін шықтым. Сонда әлеуметтік желіде жекеме келген хаттардың дені ұзатылатын қыздардан екен. Оның қаншалықты үлкен жауапкершілік екенін іштей сеземін. Барған жеріне сіңісіп кетсе, ол қызды ұзатқан адам үшін де абырой.
– Жуырда «Жылдың үздік әншісі» атандыңыз... Мұндай марапаттан кейін ізденісіңіз арта түскен шығар.
– Әрине. Өнерде жүргеніме біраз уақыт болыпты. Бірақ, бұрын-соңды мұндай марапатқа ие болмаппын. Шыны керек, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев еңбегімді елеп, марапаттағанда әкем тіріліп келгендей күй кештім. Әкемнің берген батасы, шешемнің еткен дұғасы бар... Бәрінен бұрын осы сенімдердің ақталғанына қуандым. Ал, 2018 жылы жаңалық көп. Наурыз айында жеке шығармашылық кешімді беруді жоспарлап отырмын. Оркестрдің сүйемелдеуімен және жеке орындауымда көрерменнің есінде көпке дейін жүретін қазақы, ерекше концерт бергім келеді. Аккордеонмен, баянмен, домбырамен өнер көрсетсем деймін. Биыл Шымкентке келгеніме 15 жыл толыпты. Ел алдында есеп беретін кезім келген сияқты.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».
ФарһулФуат_&_Мурат Дүйсен ұлы
Кәттебай қажы. Кәттебаев. Кәттебай қажы Жәментік ұлы Қасеннің кенжесі. Кәттебай қажы Бәйбішесі Еерке:Ұлы Зайыт. Зайыттың . Алғашқы Жарынан. Рашат'_&_Зайыт.ұлы Рашатың Жары Бисара. Баласы: Нұрлан_'_&__Еержан. Зайыттың тоқалынан.туған Мәкеннен Нажат. Азамат. Фархат. Нажаттың жары Гүлжамал.СЕРІК_Айгүль Нұржан. Айнұр. Азамат тың жары. Зина Руслан_&_Ацдын Фархаттың жары. Гүлнара. Еербол_&_Ацнұр. Нұрман_&_Асхат.ұлы Кәттебаев. Келді Нұрман 1967.ж Алтай қаласында. Дүниеге келген. Мамандығы Жоғары Білімді. Архитектор. Әкесі. Асхат_&_Мұхаметкәрім.Ұлы 1979.ж қайтыс болған.Асхат Алтай қаласында қазақ тілінен. Сабақ берді. Асхат Мұхаметкәрім. Ұлы өмірінің соңына дейін қазақ тілі .грамматикасын. двммытуға. Үлес қосқан.Асхат ағамыз бен Армия шешемізден. 4_қыз 4_ұл сүйген. Бәрі білімді үйлі баранды.
ФарһулФуат_&_Мурат Дүйсен ұлы
Әлемге әйгілі мәшһүр Найман тайпасының ҚАРАКЕРЕЙ Жанғұлы Руының Атақты биі Найман СЕРІКБАЙ Қажы Садырбай ұлы ұлының қызы . Еерке_&_СЕРІКБАЙ.қызы. Күйеу баласы Имам Кәттебай қажы Хасен ұлы Зайыт . Зайыт'_&_Кәттебай.қажы ұлы. Рашат_&_Зайыт. Ұлы Еерлан_&_Еержан. Рашат.ұлдары . Еерке Найман СЕРІКБАЙ Қажы Садырбай ұлы қызы сүйегі Үржар ауданы Науалы ауылында. Мүсылмандар зиратында Еерке Найман СЕРІКБАЙ Қажы Садырбай ұлы қызы .1963.ж жерленген.
ФарһулФуат_&_Мурат Дүйсен ұлы
Айдос_1699_&_1770. Ырғызбай. Өскенбай. Құнанбай._1804_&_1886. Тәңірберді. 1843_&_1906. Әзімбай. 1862_&_1918. Фердоус. 1885_&_1965. Сыдық. Ғимран. 1928. Батташ. Құсман._1954. Ерлан_1956. Жарқын. Алуа_Алма. Әлихан. Әлібек. 1979. 1984. 2001.
ФарһулФуат_&_Мурат Дүйсен ұлы
Айдос. Ырғызбай. Өскенбай. Құнанбай. Қудайберді. Шәкәрім. Ақат_&_Зият. Физули. Мереке.1938_&_2016. 1942_1983. Нұрлан'1966. Дәулет_1982.
ФарһулФуат_&_Мурат Дүйсен ұлы
Айдос. Ырғызбай. Өскенбай. Құнанбай. Қудайберді. Шәкәрім.1858_&_1931. Сұыиян.1878_&_1925. Талғатбек.1911_&_1971. БЕРІК.1950.
ФарһулФуат_&_Мурат Дүйсен ұлы
Айдос. Ырғызбай. Өскенбай. Құнанбай. Тәңірберді Әзімбай. Сыдық. Батташ. Ерлан.1956. Алуа_1979. Алма_1984.Алхан.2001
ФарһулФуат_&_Мурат Дүйсен ұлы
Көки СЕРІКБАЙ Қажы қызы Қызынан туған. Басари_&_Фердоуси.(Берлеш). Зұлпатан_&_Зұлғарыш. Қашым_&_Мәжит.. Әлила_&_Ибадат. Әлила_&_Әзімбай.қызы Найман СЕРІКБАЙ Қажының қызынан. Туған жиені Әлила Әлила_Әзімбай.қызының күйеуі Мухтар Әуезовтың немере ағасы Әуезов Разақ Самархан.ұлы Әлила апамыздың жары Разақ_Самархан.ұлы 2_қыз. Ғафура_мен_Гүлнара. Ғафура апамыздың жары Ұлы Ақының тікелей Шөбересі Әлімқұл . Ұлы бағфур Аксакалдың үш ұлы Эрнест 1934. Бауыр 1937. Айдар 1949. Эрнест _&_Айдар. 1934. 1949_&_2021. Айдос. 1967. Данияр. 1971. Александра_1989. Данияр_&_Айдар.ұлы Дана Кәмила Меруерт. Гүлнара апамыздың жары. Әмен Әзиев Мақат.ұлы 1927_&_2003. Елдос_&_Ләйла.
Серікбаев Мурат Дүйсен ұлы
Мен Мұрат Дүйсен ұлы ФарһулФуат немересі СЕРІКБАЕВ. Шқо. Абай Облысы Аякөз Ауданында Таңсық кентінде тарлаулы ауылының Камал Кәдіржанов Атындағы Қызыл қия Орта мектебінің түлегі. 27_09_1984.ж төл тумасы. Аңыз Адам Әлемге әйгілі мәшһүр Найман тайпасының ҚАРАКЕРЕЙ Жанғұлы Руының Атақты биі Найман СЕРІКБАЙ Қажы Садырбай ұлы ұлының Текті СЕРІКБАЙ Әулетінің ұрпағымын. Тарих та Абай Абай мен Найман СЕРІКБАЙ Қажы туралы дерек ақпарат барма. Абайға арналған энциклопедиясында Найман СЕРІКБАЙ Қажы Садырбай ұлы мен құда болған қос құрдас Сәти ұлы Күленбай болыс пен Ұлы Ақын (Абай). Ибраһим. Ибраһим Құнанбай.ұлы мен. Найман СЕРІКБАЙ Қажы қыздары Тобықты еліне 3_қызын береді есімдері Көки _&_Қайша. Көки Серікбай.қызы Күйеу баласы Әзімбай Құнанбай. Немересі Шайыр шашқан. Күленбай болыс Ұлы Абдолла. Абдолла_&_Күленбай.ұлы Мұхтар_&_Ахметшәріп. Мәкен_&_Кажыкамал. Абдолланов Мейірбек_&_Орынбек. 1926_&_1987. 1939_&_2012. Мейірбек_&_Мұхтар.Ұлы Кайрат_&_Дулат. 1966. 1969. Абдулланов Орынбек_&_Мұхтар.Ұлы 1939.ж 1939_&_2012.ж Талғат. Ержан. Шыңғыс. 1969. 1972. 1974. Дәмир. Архат. Таңат. Авторы Мұрат Дүйсен ұлы ФарһулФуат немересі СЕРІКБАЕВ.
ФарһулФуат Мурат Дүйсен ұлы
Алаш. Жайылған. Майқы. Сәпиян. Айырқалпақ. Қазақ. БЕКАРЫС. Сарманай. Аксопы. Найман. БЕЛГІБАЙ. Сүйінші Төлекатай Қынтай ҚАРАКЕРЕЙ. Еерторы. БЕКСЫЙЫҚ. Жирен. Жанғұлы. ТІЛЕУІМБЕТ. Тәңірқұл. Жәнібек. Әнет. БЕКШОЙЫН. Садырбай. СЕРІКБАЙ. Әбдірахман. ФарһулФуат. Дүйсен. Мұрат
Серікбаев Мурат Дүйсен ұлы
Мен Мұрат Дүйсен ұлы ФарһулФуат немересі СЕРІКБАЕВ. Абай Облысы Аякөз Ауданында Таңсық кентінде тарлаулы ауылының Аңызға толы Қозы Көрпеш Баян Сұлу тарлаулы ауылының 27_09_1984.ж тумасы Камал Кәдіржанов Атындағы Қызыл қия Орта мектебінің 2000-2001.ж түлегі Әлемге әйгілі мәшһүр Найман тайпасының ҚАРАКЕРЕЙ Жанғұлы Руының Атақты биі Найман СЕРІКБАЙ Қажы Садырбай ұлы ұлының Текті СЕРІКБАЙ Әулетінің ұрпағымын. Актив_77750684303. Билайн_77052735276