Қаратауға көрік берген жауһар қала

Кентаулықтар Қала күнін кең көлемде атап өтті. Мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Мерекелік іс-шара аясында қала кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде Кентау қаласы мен өңірде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, мереке барысында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, қала спортшылары өздерінің шеберліктерін көрсетті. 
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала әкімі Жандос Тасов Кентаудың дамуы мен көркеюіне әрбір тұрғынның қосып келе жатқан үлесі ерекше екенін атап өтті.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтарға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Қала күніне арналған мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік кештің көркін елімізге танымал өнер иелері Калифарния мен Әлішер Қонысбеков, сондай-ақ жергілікті өнерпаздардың қойған концерті аша түсті. Танымал әншілердің әуезді әндеріне қала тұрғындары да қосылып, көтеріңкі көңіл-күймен бірге ән шырқап, мерекелік кештің ерекше атмосферасын бөлісті.
Пікір қалдырыңыз