АЛТЫ АЙДЫҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ?

Облыс тұрғындары мен қонақтардан жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтап, барынша мұқият болуларын сұраймыз.

2026 жылдың 6 айында Түркістан облысында 576 (2025 жылдың 6 айында - 579) жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 5%-ға төмендегенін көрсетеді. Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны 3,6%-ға (868-ден 837-ге), оның ішінде жарақат алғандар саны 3,4%-ға (731-ден 706-ға дейін), ал, қаза тапқандар саны 4,4%-ға (137-ден 131-ге дейін) азайған.

Кәмелетке толмағандар арасында жарақат алғандар саны 232 (215) 7,9%-ға өссе, қаза тапқандар саны 33 (27) 22,2 пайызға көбейген. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі аудандық маңызы бар жолдарда (134 ЖКО) және елді мекендер аумағында орын алған (368 ЖКО). Ең көп жол-көлік оқиғалары тіркелген аудандар: Жетісай – 81, Сайрам – 77, Түркістан қаласы – 64, Арыс – 41, Түлкібас – 36, Созақ – 34, Сауран – 33, Келес – 33, Сарыағаш – 32, Ордабасы – 27, Шардара – 21 Төлеби – 20, Отырар – 18, Кентау қаласы – 16, Қазығұрт – 15, Мақтаарал – 14, Бәйдібек – 14.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы қағидаларын сақтамаудан, яғни жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға жол бермеу, маневр жасау қағидаларын сақтамау, қарсы қозғалыс кезінде жол беру немесе басып озу қағидаларын бұзудан туындаған.

Облыс тұрғындары мен қонақтардан жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтап, барынша мұқият болуларын сұраймыз. Жолдарды тек белгіленген жерлерде кесіп өтуге, оң жақ рөлі бар автомобильдерде такси қызметін пайдаланбауға, қала маңындағы жолдарда жылдамдықты асырмауға және қауіпті маневрлер жасамауға шақырамыз. Сонымен қатар ел аумағындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялар картасы» бөлімінде танысуға болатынын еске саламыз.

 

ҚР Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу жөніндегі комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаменті.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

Пікір қалдырыңыз