ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ СОТЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА ОРНАЛАСТЫ

Жаңа ғимарат сот процестерін аудио және бейнежазбаға түсірудің, ақпараттық және өрт қауіпсіздігінің заманауи жүйелерімен жабдықталған.

Төлеби ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған аудандық соттың екі қабатты жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов және облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысып, сот инфрақұрылымын дамытудың басты мақсаты - ең алдымен, сот төрелігіне деген қолжетімділікті арттыру және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті.



Жаңа ғимаратта үш сот отырысы залы, медиация кабинеті, азаматтарға қызмет көрсетуге арналған фронт-офис қарастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған. Жаңа ғимарат сот процестерін аудио және бейнежазбаға түсірудің, ақпараттық және өрт қауіпсіздігінің заманауи жүйелерімен жабдықталған.



1981 жылы салынған бұрынғы сот ғимараты бүгінгі заманғы талаптарына сай емес. Ғимараттың тарлығы соттың жұмысына кедергі келтіріп, келушілерге қолайсыздық туғызды. Ал, жаңа ғимараттың ашылуы сот жұмысына қолайлы жағдай жасауға, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз