ТӘРБИЕ МЕ, ТӘКӘППАРЛЫҚ ПА?

Соңғы қоңырау ма, соңғы жарыс па? Соңғы жылдары елімізде мектеп бітіру кештері, бастауыш сыныппен қоштасу, тіпті балабақшамен қоштасу рәсімдерінің өзі бұрын-соңды болмаған сән-салтанат жарысына айналып барады. Бір кездері қарапайым ғана өткен соңғы қоңырау бүгінде қымбат мейрамханалар, ерекше безендірулер, брендтік киімдер, бағасы аспандаған гүл шоқтары мен думанды кештерсіз өтпейтін болды. Бұл үрдіс қоғамды ойландыруы тиіс.

Жуырда бір ата-анамен әңгімелесудің сәті түсті. Оның айтуынша, баласының мектеп бітіруіне байланысты төрт жүз мың теңгеден астам қаржы жұмсаған.

– Жоқ дейін десем, баламды сыныптастары шеттетіп тастайды. Ата-аналар чатында шығынды азайтайық деп ұсыныс айтқан едім, бәрі жабылып қарсы шықты. «Балаларымыз үшін өмір сүріп жүрміз», «Қалағанымызша жасаймыз» деген сөздер айтылды. Ақырында амалсыз көндім, – дейді ол.

Бұл – жалғыз отбасының жағдайы емес. Бүгінде көптеген ата-аналар қоғам қалыптастырған көзге көрінбейтін қысымның астында қалып отыр. Кейбірі несие алады, кейбірі қарыз сұрайды. Себебі «балам өзгелерден кем болмасын» деген ой оларды амалсыз шығынға итермелейді.

Бір күндік қоштасу кеші ұмытылады, ал сол кеш үшін алынған несие мен төленген қарыз ұзақ уақыт есте қалады.

Ең өкініштісі, мұндай жарыс балалардың санасына да әсер етуде. Кейбір оқушылар ата-анасынан қымбат киім, ерекше гүл шоғы немесе сәнді кеш ұйымдастыруды талап етеді. Әлеуметтік желілердегі суреттерге қарап өзін өзгелермен салыстырады. Осылайша «басқалардан кем болмау» психологиясы қалыптасады.

Бүгінде бір гүл шоғының құны елу-алпыс мың теңгеге дейін жеткен. Бұл кейбір отбасылардың бір апталық азық-түлік шығынына тең. Сонда бірнеше сағаттық әсер үшін осыншама қаржы жұмсаудың қандай қажеттілігі бар?

Қолына алпыс мың теңгелік гүл ұстаттық. Бірақ сол гүлдің ғұмыры үш-ақ күн. Ал қарапайымдылық пен қанағаттың қадірін үйрете алдық па?

Баланың бақыты қымбат гүлде емес, алған тәрбиесінде. Түлектің мәртебесін букеттің бағасы емес, білімі мен тәрбиесі айқындайды.

Біз балаларымызға қымбат гүл сыйлауды емес, ұстазды құрметтеуді; сән-салтанатпен жарысуды емес, қарапайымдылықты; бір күндік мақтанды емес, өмірлік құндылықтарды үйретуіміз керек. Әйтпесе мектеп бітіру кештері тәрбиенің емес, ысыраптың мерекесіне айналып кетуі мүмкін.

Бұрын мектеп бітірушілер ұстаздарына алғыс айтып, қарапайым сый-сияпат жасайтын. Қазір жағдай өзгергендей. Кей жерде ұстаздар артық шығынға жол бермеуге шақырса, енді бір жерде дүркіретіп өткізілген кештерге үнсіз қолдау білдіретіндер де кездеседі. Әрине, барлық ұстазды кінәлаудан аулақпыз. Дегенмен білім ордасы тәрбиенің ошағы болса, қарапайымдылық пен қанағатшылдықтың үлгісі де сол жерден басталуы керек емес пе?

Қоғамның байлығы – тойдың көлемімен емес, тәрбиенің деңгейімен өлшенеді. Мәселенің түп-төркіні – бәсекелестік пен көзбояушылықтың күшеюінде. Баланың жетістігі алған білімімен емес, кешінің сән-салтанатымен өлшенетіндей әсер қалыптасып барады. Бұл – қауіпті үрдіс. Өйткені бала өмірдің басты құндылығы еңбек пен білім емес, сән-салтанат пен мақтан деген қате түсінікпен өсуі мүмкін.

Бүгінде бұл мәселені заңмен ғана шешу қиын. Иә, түрлі шектеулер бар. Бірақ заңнан бұрын қоғамдық сана өзгеруі қажет. Ата-аналар өзара түсіністікке келіп, артық шығынға жол бермеуді үйренуі керек. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы да қарапайымдылық мәдениетін қалыптастыруға атсалысқаны жөн.

Баланы өмірге дайындаудың орнына, кейде өмірді балаға ыңғайлауға тырысамыз. Соның салдарынан қарапайым қуаныштың өзі қымбат сән-салтанатсыз мәнсіз көріне бастады.

Биыл еліміз бойынша 215 мыңнан астам жас мектеппен қоштасты. Бұл – үлкен қуаныш. Алайда дәл осы кезеңде қауіпсіздік мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Жыл сайын жүздеген мың жас түлек мектеп бітіреді. Олардың басым көпшілігі бұл күнді тыныш әрі қауіпсіз өткізеді. Бірақ аз ғана топтың даңғазалыққа, автокөлік кортеждерін ұйымдастыруға, жылдамдықпен жарысуға әуестігі қайғылы жағдайларға себеп болып келеді.

Соңғы қоңырау сыңғыры білімге бастайтын үн болуы керек еді. Өкінішке қарай, кейде ол дарақылық пен жарысқұмарлықтың дабылына ұқсап кетеді. Қымбат көліктерден құралған кортеждер, әлеуметтік желіге арналған жасанды көріністер, орынсыз мақтан – мұның бәрі тәрбиенің емес, даңғазалықтың белгісі.

Өкінішке қарай, мұндай жағдайлардың соңы қайғылы оқиғалармен аяқталғанын да көріп жүрміз. Мәселен, 2025 жылы Жаңаөзен қаласында мектеп түлектерінің автокөлік кортежі жол апатына ұшырап, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Ал бұған дейін де түлектердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары ауыр жарақаттар мен адам шығынына алып келген жағдайлар тіркелген. Сондықтан мемлекет жыл сайын қауіпсіздік шараларын күшейтіп, заңсыз кортеждер мен көшедегі қауіпті шерулерге тосқауыл қоюға мәжбүр болып отыр.

Өйткені соңғы қоңыраудың мақсаты – біліммен қоштасу емес, балалық шақпен қоштасу. Ал оны өмірге қауіп төндіретін жарысқа айналдыру ешқандай ақылға сыймайды.

Бүгін бір күндік салтанат үшін несие алған ата-ана ертең баласына үнемшілдікті қалай түсіндіреді?

Балаларымызды бақытты етеміз деп жүріп, кейде олардың барлық қалауын орындауды махаббатпен шатастырып аламыз.

Тәрбие дегеніміз – баланың әр тілегін орындау емес, әр тілектің шегін үйрету. Қазіргі қоғамда кейбір ата-аналар баласын өмірге дайындамайды, қайта өмірді баласының еркіне бағындыруға тырысады. Оның салдары ертең белгілі болады.

Егер мектеп бітіру кешінің құны білімнің құнынан асып кетсе, онда біз бір жерде қателескеніміз анық.

Баланың болашағы гүл шоқтарының көлемімен емес, жүрегіне егілген құндылықтармен өлшенеді.

Бәріміз перзент тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан бүгінгі дарақылық пен даңғазалыққа көз жұма қарауға болмайды. Ертең оның зардабын тағы да өзіміз тартамыз. Қарапайымдылық ұят емес, ысырап – ұят екенін қоғам болып түсінетін уақыт әлдеқашан келді.

Ең бастысы, баланың болашағы бір күндік кешпен өлшенбейді. Түлектің бақыты – қымбат букетте емес, сапалы білімде. Оның абыройы – жалға алынған лимузинде емес, алған тәрбиесінде. Ал ата-ананың махаббаты – шашылған ақшада емес, берген өнегесінде.

Бақдәулет АЙДАҒАРАЕВ,

Сарыағаш ауданы.

3 пікір

  • WIZARD GEO COORDINATES RECOVERY HACKER
    WIZARD GEO COORDINATES RECOVERY HACKER

    HOW DO I RECOVER MY LOST CRYPTO FROM A SCAMMER? CONTACT // GEO COORDINATES RECOVERY HACKER There is an expert hacker that can help you in recovering all the money lost to scammers online. GEO COORDINATES RECOVERY HACKER It recently worked for me and I now have peace of mind after the huge recovery of all my lost funds. I’m truly grateful for their service and I recommend their service to everyone who needs to recover their stolen crypto funds. I will advise you to contact them with the details below. Email: geovcoordinateshacker@gmail.com Website; https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack Telegram @Geocoordinateshacker

Пікір қалдырыңыз