Бесік – рухани сабақтастық символы

Еуразия кеңістігін мекендеген халықтардың тұрмысы мен мәдениетінде бесіктің алатын орны ерекше. Бесік – жай ғана ағаштан жасалған бұйым емес, ол – ұлттық тәрбие мен тағлымды, салт-дәстүр мен дүниетанымды бойына жинаған қасиетті мұра. Сәбидің алғашқы ұясы болған бесік ғасырлар бойы қазақ отбасындағы береке мен тәрбиенің алтын арқауы болып келеді.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздің астарында терең мән жатыр. Өйткені, әрбір адамның мінезі мен болмысының қалыптасуы содан басталады. Қазақ халқы бесікті қастерлеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Сондықтан бесік ұлттық тәрбиенің ғана емес, рухани сабақтастықтың да символына айналған.
Белгілі этнограф-ғалым Халел Арғынбаев өз зерттеулерінде қазақ бесігінің көшпелі өмір салтына бейімделген ерекше өнер туындысы екенін атап көрсетеді. Ғалымның пікірінше, бесік нәрестенің тазалығы мен денсаулығын сақтауға қолайлы етіп жасалған. «Бесіктің құндылығы оның тәрбиелік маңызымен ғана емес, ерекше құрылымымен де байланысты. Қазақ бесігі көбіне тал, қайың, арша, емен сияқты жеңіл әрі берік ағаштан жасалған. Оның негізгі бөліктеріне бас жақ, аяқ жақ, екі жақтауы, шабақтары және бөгені жатады. Бесіктің ортасына түбек пен шүмек орнатылып, нәрестенің тазалығын сақтауға қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ, бесікке төсек, жастық, көрпе және түрлі жабдықтар салынып, сәбидің жайлы жатуы қамтамасыз етілген. Көшпелі өмір салтына бейімделген бесік жеңіл, жинақы әрі көшіп-қону кезінде алып жүруге ыңғайлы болған. Осы ерекшеліктері қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен даналығының көрінісі болып табылады» деп жазып кеткен. Ал, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков бесікті қазақтың материалдық мәдениетінің ең құнды жәдігерлерінің бірі ретінде бағалаған. 
Қазақта нәрестені бесікке салу – үлкен тәрбиелік мәні бар дәстүр. Оған ауылдың көпті көрген өнегелі аналары қатысып, сәбиге ақ батасын берген. Бұл рәсім арқылы балаға жақсылық пен ізгілік тілеген. Халық ұғымында бесікке бөленген бала тәрбиелі, ұқыпты әрі дені сау болып өседі деп есептелген. 
Бесіктің тағы бір ерекшелігі – бесік жыры. Ана әлдиімен тербелген сәби мейірім мен махаббатты сезініп өседі. Этнопедагогика саласының көрнекті ғалымы Сейіт Қалиев бесік жырының бала тәрбиесіндегі рөлін жоғары бағалап, оның сәби санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудегі маңызын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Расында да, ананың әлдиі – баланың жүрегіне жол табатын алғашқы тәрбие мектебі.
Бүгінде технология дамып, тұрмыс өзгергенімен, бесіктің тәрбиелік мәні жойылған жоқ. Керісінше, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылық артқан сайын бесікке деген құрмет те жаңғырып келеді. Сондықтан бесікті дәріптеу – өткенді сағыну емес, ұлттық тамырымызды сақтап, келер ұрпаққа аманат ету деп түсінгеніміз жөн.

Гүлжауһар ПАЗЫЛБЕКОВА,
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр оралығының тарихшы маманы.

3 пікір

  • WIZARD GEO COORDINATES RECOVERY HACKER
    WIZARD GEO COORDINATES RECOVERY HACKER

    HOW DO I RECOVER MY LOST CRYPTO FROM A SCAMMER? CONTACT // GEO COORDINATES RECOVERY HACKER There is an expert hacker that can help you in recovering all the money lost to scammers online. GEO COORDINATES RECOVERY HACKER It recently worked for me and I now have peace of mind after the huge recovery of all my lost funds. I’m truly grateful for their service and I recommend their service to everyone who needs to recover their stolen crypto funds. I will advise you to contact them with the details below. Email: geovcoordinateshacker@gmail.com Website; https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack Telegram @Geocoordinateshacker

Пікір қалдырыңыз