ҚҰТЫРУ – ҚАУІПТІ АУРУ, БІРАҚ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ!
Адам
баласының тіршіліктегі ең қымбат байлығы – өмірі мен денсаулығы. Алайда осы
өмірді әп-сәтте жалмауы мүмкін індеттердің бірі – құтыру ауруы. Дерт адам мен
жануарларға ортақ, яғни зоонозды аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жатады.
Құтырудың ең басты қаупі – орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Яғни ми мен жұлынға әсер етіп, біртіндеп бүкіл ағзаның жұмысын бұзады.
Құтыру ауруы көбінесе ит, мысық, түлкі, қасқыр, қарсақ және т.б. үй және жабайы ауру
жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейінің ашық жараға түсуі арқылы
жұғады. Жай ғана ауырған жануармен зақымдаған жара қайғылы
жағдайға әкелуі мүмкін. Егер уақытында медициналық көмек
көрсетілмеген жағдайда вирус адам ағзасына еніп, жасырын түрде дамиды. Ауру
дамитын кезең кейде бірнеше күннен бір
жылға дейін созылуы мүмкін. Клиникалық
көріністердің асқынуы дене мүшесінің зақымдалған жеріне байланысты.
Бастапқы кезеңде науқастың дене
қызуы көтеріледі, әлсіздік, бастын ауруы, зақымдалған жердің қызарып, қышуы,
уақыт өте науқаста тірек-қимыл қозғалысының бұзылуы, қорқыныш, ашушаңдық,
судан, желден, жарықтан үрейлену мен денеде тырысу болады. Ауру емделмейді, өлімге
әкеледі. Сондықтан алдын алу – ең тиімді жол!
Белгілі немесе белгісіз ит, мысық пен басқа жануар тістеп, тырнап немесе
сілекейлеген жерді
(жара, сызат, тырналған жер) тез арада 20% сулы-сабынды ерітіндімен өңдеу, жара
шеттерін 70% спирт немесе 5% йод ерітіндісімен залалсыздандырып, стерильді
таңып байлау қажет. Ең маңыздысы медициналық көмекке жүгіну арқылы құтыруға қарсы арнайы
антирабиялық иммуноглобулин мен вакцина алу қажет. Уақытылы
басталған профилактикалық екпе ғана қауіпті індеттің алдын алады.
Үй жануарлары (ит, мысық т.б) –
адамның досы болғанымен, кей жағдайда қауіпті инфекция көзіне де айналуы
мүмкін. Сондықтан үй жануарлары арқылы ауруды жұқтыру қаупі әр дайым бар екенін
естен шығармай келесі қауіпсіздік шараларын ұстану маңызды:
·
Үй жануарларын иттер
мен мысықтарды жыл сайын ветеринариялық дәрігердің бақылауынан өткізіп, құтыруға қарсы екпе
ектіру;
·
Үй жануарларын чиптеу
және ветеринарлық паспорттармен есепке алу;
·
Қауіпсіздік үшін
иттерді байлап ұстау және еркін жүргізбеу;
·
Көшедегі жабайы
немесе белгісіз жануарларға жақындамау;
·
Белгісіз қауіп
төндіретін жануарларды байқағанда тиісті сала мамандарына хабарлау.