Кәсіпкерге қолдау көп

 Сәбит Қалдыбаев, «Оңтүстік Қазақстан».


Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданында кәсіпкерлік саласын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Таяуда аудан әкімі Серік Мамытов аймақтағы бірқатар кәсіпкерлік және өндірістік нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

  Аудан әкімі алдымен Жетісай қаласындағы орталық саябақ аумағында жеке инвестор қаржысы есебінен салынып жатқан заманауи аттракциондар мен балалар ойын алаңшасының құрылыс алаңында болды. Нысан құрылысы сапасын бақылап, кәсіпкермен пікір алмасты. Балалардың қауіпсіздігіне басымдық беріліп, орнатылатын ойын құрылғыларының техникалық талаптарға сәйкестігі мен рұқсат құжаттарының толық болуы қатаң назарға алынды. Аудан әкімі демалыс орындарының халыққа, әсіресе, жасөспірімдер мен балаларға қолайлы орта қалыптастыруда маңызы зор екенін айта келіп, тұрғындардың сұранысына сай сапалы әрі қауіпсіз нысандар салудың маңыздылығын жеткізді.

Мұнан кейін Серік Үсенұлы Асықата кенті аумағындағы өндірістік паркте болды. Жалпы аумағы 1 гектарды құрайтын аймақта бірнеше өндіріс орны жоспарға сәйкес орналасып, өз жұмыстарын бастаған. Өндірістік парк аудан экономикасын дамытуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға және шағын және орта бизнестің дамуына серпін беретін маңызды жобалардың бірі болып саналады.

Кәсіпкерлермен кездесу барысында аудан басшысы өндіріс орындарын көптеп ашу арқылы индустриалды аймақ пен шағын өндірістік паркті тиімді пайдалануға, ауданның инвестициялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндіктің молаятынын жеткізді.

 «Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Өндіріс ашамын, жаңа жобаларды жүзеге асырамын деген инвесторларға заң аясында барлық қажетті қолдаулар көрсетіледі. Басты мақсат – халықты тұрақты жұмыспен қамтып, аудан экономикасын дамыту» деді Серік Мамытов өз сөзінде.

 Бүгінде ауданда кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде.


1 пікір

  • Мэри Жордан
    Мэри Жордан

    Онлайн криптовалютын хулгайн дараа мөнгөө буцаан авахын тулд яаралтай тусламж авах цөхрөнгөө барсан эрэл хайгуулдаа би дахин дахин хууртагдсан. Байнга асуудаг байсан бүх төлбөр, хураамжийг төлсөн ч гэсэн би хөрөнгө оруулсан 46,000 ам.доллараа, ашгаа ч авч чадаагүй. Хоёр долоо хоногийн дараа би зөв мэдээлэл өгснөөр луйварчны дансанд нэвтэрч, хулгайлагдсан мөнгийг нь буцааж авах боломжтой хакер jbeespyhack-ийн талаарх тоймыг олж харлаа. Би түүнд аль болох хурдан jbeespyhack@gmail.com хаягаар имэйл илгээсэн. Тэр миний мөнгийг луйвраас буцааж авч чадсанд би цочирдсон. 48 цагаас бага хугацаанд тэр надад алдсан мөнгийг минь авахад тусалсан. Түүний хамгийн сайн гүйцэтгэлийг авахын тулд түүнтэй холбогдоно уу. И-мэйл: jbeespyhack@gmail.com

Пікір қалдырыңыз