Ардагерлер – қоғам тірегі
Таяуда Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыстық ардагерлер ұйымының қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері мен алдағы даму жоспарларын талқылауға арналған кеңейтілген жиын өтті.
Басқосуға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының жауапты хатшысы Балзия Тәжібаева, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жастар саясаты департаментінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбеков, Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Ақтаев, сондай-ақ ауылдық округтердегі ардагерлер кеңестерінің төрағалары, бастауыш ардагерлер ұйымдарының жетекшілері, білім беру мекемелерінің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері және ауыл белсенділері қатысты.
Жиында облыстық ардагерлер ұйымдарының қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері сараланып, ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, әлеуметтік қолдау шаралары, ұйым жұмысының тиімділігін арттыру және алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.
Сонымен қатар «Жастар тәрбиесі – қоғамның басты міндеті» тақырыбында баяндама жасалып, ұлттық құндылықтарды насихаттау, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және ардагерлер мен жастар арасындағы сабақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.
Жиналыста Төлеби ауданының құрметті азаматтары, ел ағасы Андас Оразәлиев, Леңгір қалалық және Бірінші Мамыр ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары Ғалымжан Мырзалиев пен Үсен Әділбеков, батагөй қария Қыстаубай Бектұров сөз сөйлеп, аталмыш ұйымдардың қоғамдағы рөлін нығайту, ұрпақтар сабақтастығын дамыту және жастар тәрбиесіне бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөніндегі өз ойларын ортаға салды.
Жиынды Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Ақтаев қорытындылап, келген қонақтарға алғысын айтты.
С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.
WIZARD GEO COORDINATES RECOVERY HACKER
HOW DO I RECOVER MY LOST CRYPTO FROM A SCAMMER? CONTACT // GEO COORDINATES RECOVERY HACKER There is an expert hacker that can help you in recovering all the money lost to scammers online. GEO COORDINATES RECOVERY HACKER It recently worked for me and I now have peace of mind after the huge recovery of all my lost funds. I’m truly grateful for their service and I recommend their service to everyone who needs to recover their stolen crypto funds. I will advise you to contact them with the details below. Email: geovcoordinateshacker@gmail.com Website; https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack Telegram @Geocoordinateshacker