Өмірі өнеге, сөзі өсиет
Адамның азаматтық болмысы
атқарған қызметімен ғана емес, соңынан ерген шәкіртімен, елге сіңірген
еңбегімен өлшенеді. Сондай парасат иелерінің бірі – ұстаз,
қоғам жанашыры, қаламгер Ахмет Рақымұлы Есіркепов.
Ахмет Рақымұлы 1941 жылдың 3 сәуірінде дүниеге келген. Бұл – ел басына күн туған, сұрапыл
соғыс басталған кезең еді...
Оның асыр
салып, ерте ойнайтын балалық шағы да
сол соғыс жылдарымен тұспа-тұс келеді. Өмірдің ащы-тұщысы ерте есейтіп,
ата мен анаға көмекші болуды үйретті. «Білекті – бірді, білімді – мыңды жығатынын»
ұғындырды.
Бала Ахметтің білімге құштарлығы мен алғырлығы болар, көп оқушының жүрегі
дауаламайтын, бар ғылымның төресі саналатын – математика пәнін қатты жақсы көрді. Мектеп қабырғасынан-ақ зеректігімен танылған ол нақты ғылымдарға ерекше ден
қойды. Әскери борышын өтеп келген соң Қызылорда педагогикалық институтының
физика-математика факультетіне түсіп, ұстаздық жолды таңдады. Сөйтіп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады. Қатардағы мұғалімдіктен
бастап, туған жеріндегі Сұлтанбек Қожанов атындағы мектептің директоры
дәрежесіне дейін көтерілді. Мыңдаған шәкіртке сапалы білім мен саналы тәрбие бере
білді. Еңбегі еленіп, «Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағына
ие болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында да ел ісінен шет
қалған жоқ. Жаңақорған аудандық өлкетану музейін басқарды. Кейін ауыл
шаруашылығы саласында еңбек етіп, ел сенімін ақтады.
Зейнет жасына таяса да тоқмейілсіп қалған жоқ.
Жетісу жеріне қоныс аударып, Талғар қаласындағы медициналық және ауыл
шаруашылығы колледждерінде ұстаздық қызметін жалғастырды. Бұл – оның
ағартушылық жолға адалдығын көрсететін ерекше қадамы болды.
Отбасында да өнегелі әке бола білді. Жұбайы Сара
Әлиакбарқызымен бірге он бір перзент тәрбиелеп өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға
қондырды.
Ахмет Рақымұлы бүгінде шығармашылықпен де белсенді
айналысып келеді. Оның жуырда жарық көрген «Алпамыс батыр – бабамыз» атты
танымдық еңбегі – ұлт руханиятына қосылған сүбелі дүние. Ол Халықаралық
жазушылар одағының, Түркі әлемі жазушылар одағының және бірқатар шығармашылық
ұйымдардың мүшесі.
Бүгінде киелі Түркістанда тұратын ел ағасы жастарға
өнеге айтып, рухани тәрбие ісіне үлес қосып жүр. Ғарыштап дамып келе жатқан
рухани орданың жастарына ақыл-кеңесін беруден жалыққан емес. Өйткені ол білімді,
тәрбиелі, иманды ұрпақ көбейсе деп тілейді.
Айтмұрат БАЙЫМБЕТ,
Отырар ауданы.
Мэри Жордан
I acquired my first home at the beginning of the year. To some, lottery players appear ridiculous, while we view it as a chance for an improved future. I’m known as Megan Taylor and I have played the lottery for ten years, yet I haven’t won anything substantial. In my pursuit of understanding how to win better, I was advised to consult jbee spyhack, the priest who provided me with the precise 6 numbers that helped me secure the Mega Millions jackpot of $277 million after using his spell powers and following his guidance. jbee spyhack services is top notch, and I believe your dreams aren’t finished unless you decide they are. Contact jbee spyhack the priest, and he will assist you in realizing your aspirations. Email: jbeespyhack@gmail.com