Халыққа қызмет көрсету — басты назарда

                                                                                                                                  

Облыс бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыру ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттері болып табылады. Осы мақсатта Департамент өзінің құзыреттілігі шеңберінде 3 бағыт бойынша жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылармен қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау болып табылады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, департамент қызметінің бірінші бағыты – зейнетақы жәнежәрдемақыларды тағайындау. Бүгінгі таңда облыс аумағында 763 796 әлеуметтік төлемді алушы бар. Оның ішінде 214 961 жасына байланысты зейнетақы алушы, 195 594 базалық зейнетақы алушы және 353 241 жәрдемақы алушы.

         Төлем түрлері бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны төмендегідей: жасына байланысты 214 691 зейнетақы төлемін алушы, 195 594 мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы, 75 519 мүгедектігі бойынша мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақы (зейнеткерлікке шыққан мүгедектігі бар алушыларды қоспағанда) алушы, 20 911 асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы, 12 758 арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы тіркелген. Сонымен қатар, бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы алушы —1 031, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы алушы – 24 890, көп балалы отбасыға берілетін  жәрдемақы алушы саны —123 815.

    Ал, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушы 67 884, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушы 14 685, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алушы 9 034, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдем ақы алушы – 5, мемлекеттік кепілдеме төлемін алушы – 2 688, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғанғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек алушы 41 адам есепте тұр.

       Биылғы 10 айда  «Е-макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы 268 659 барлық әлеуметтік төлемдер тағайындалған. Оның 117 359  жаңадан тағайындалған. Ал,     114 151 қайта қаралып бекітілген. Сонымен қатар, 66 зейнетақы мен жәрдемақы және 3 142-і әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылды.

 «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды арттыру жұмыстары жүргізілді. Ал, облыс бойынша 749 794 төлемге арттыру жұмыстары уақтылы жүргізіліп, төлемге жолданды.

Жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері 10 %-ға көбейді. Қалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты көбейді.

           Енді медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталайын. Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ, куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты 9 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі  мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес биылғы 10  айда  облыс бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны 103 253 немесе облыс халқы санының 4,7% пайызын, ал республика бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар санының 13,7% пайызын құрайды. Мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 15 531-і (15,0% пайыз)  «бала мүгедек» болса, қалғаны 87 722-і (84,9%-ы) 18 жастан жоғары ересек.

       Осы мерзім ішінде  барлығы 30 625  адам куәландырылды. Биылғы 10 айда  5 597 адам алғашқы рет мүгедек болып танылды. Ауру санаттарына (нозологиясына) бөлсек, ересектер арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандардың арасында бірінші орында қан айналымы жүйесінің аурулары – 30,0%,  екінші орында қатерлі ісіктер аурулары – 17,0%,  Ал, үшінші орында жарақат алудың барлық түрлері – 8,3 %-ды құрайды. 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар арасында мына аурулар алдыңғы орындарды алады.  Мәселен, бірінші жүйке жүйесі аурулары –  26,2 %, екінші дамудың туа біткен аномалиялары – 21,9%, үшінші кезекте психикалық және мінез-құлқының бұзылуы – 20,4% аурулары тұр.

Қайта куәландыру көрсеткіштеріне тоқталсақ, осы мерзім ішінде барлығы 24 791  адам қайта куәландырылды. Оның ішінде –  18 097 адам мүгедек деп танылды.

Сырттай куәландыру проактивті мемлекеттік қызмет көрсетуден біздің облыс бойынша өткен 10 айда  12 854  азаматқа сырттай түрде қызмет көрсетілді. Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтің санына шаққанда сырттай куәландыру 42%-ды құрады.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінде 2026 жылғы 10 айлық  қорытындысы бойынша барлығы 250  шағым қаралған. Осы мерзім ішінде мүгедектерді орталықтандырылған дерек қоры ақпараттық жүйесіне сәйкес барлығы 3 920 медициналық іс құжат тексерілді. Оның ішінде 1 681 медициналық іс-құжат сырттай проактивті куәландырылған, 855 медициналық іс құжат бақылауға алынған. Бақылау  бойынша барлығы – 420 іс қаралған.

Негізсіз барлығы 282 жолдама толтырылған. Оның 100-і көзбе көз қаралса, 182-сі сырттай проактивті куәландыруға жолданды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына, медициналық және фармацевфтикалық бақылау департаментіне көзбе көз жолданған негізсіз жолдамаға 100 хат жолданып, 96 хатқа жауап берілді. Оның ішінде 59 ескерту, 13 сөгіс берілді. 4  айыппұл салынып, түрлі шаралар көрілді.

 Департамент қызметінің үшінші бағыты — халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу болып табылады. Осы кезеңде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша барлығы 65 тексеру, оның ішінде: 32 профилактикалық бақылау, 32 жоспардан тыс, облыстың, қала және аудан прокуратураларының ұсынуы негізінде 1 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру қорытындысымен кемшіліктерді жою туралы жалпы 60 нұсқама беріліп, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 83-бабы, 1-тармағы, 1-тармақшасы негізінде 23 нысанға 4 216,8 мың теңгеге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 4 216,8 мың теңгесі немесе 100%-ы өндірілді.

Жоғарыда аталған министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес 2026 жылға абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының орындалу деңгейін 89%-ға жеткізу жоспарланған. Биылғы 1 қарашаға дейін «Е-Собес» ақпаратттық жүйесінің мәліметіне сәйкес Түркістан облысы бойынша оңалтудың техникалық құралдарымен әлеуметтік қызметтерге мұқтаж 81 123 адамның 59 804 қамтамасыз етілді немесе 73,8 %-ға орындалды. Атап айтқанда, протездік-ортопедиялық көмекпен – 66,7 %, сурдологиялық көмекпен – 68.6 %, тифлотехникалық құралдармен – 61,1 %, кресло-арбамен – 72 %, санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етілу деңгейі – 75.7 %, жеке көмекшінің қызметімен – 98,9 %, ымдау тілі маманының қызметімен – 96,7 %, міндетті гигиеналық құралдармен  қамтамасыз етілуі 74,1 % құрады.  

Одан бөлек, мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметік инфрақұрылымды  жақсарту үшін облыс бойынша 2023-2027 жылдарға 3 700 нысанды бейімдеу жоспарланған. Оның ішінде 2026 жылға жоспардың 80%-ын бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізу көзделген. «Қолжетімділіктің интерактивтік картасы» ақпараттық жүйесіндегі мәліметке сәйкес осы кезеңге дейін 75%-ы бейімдеуден өткізілді. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді трансформациялау бойынша облысымыздағы 36 мекемеге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 41 лицензия ұсыну жоспарланған. Осы мерзімге дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензиямен 37 мекемеге 44 лицензия ұсынылып, толық қамтылды.

Сонымен қатар, тиісті министрлік тарапынан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілуде. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Құрылыс кодексіне сәйкес Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері жаңадан пайдалануға берілетін объектілердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды келісетін функция енгізілген. Бүгінгі таңда біздің департаментке 78 өтініш келіп түсті. Нәтиже бойынша 32 ғимаратқа келісім берілді. 14 ғимарат департаменттің қаралуында жатыр. Ал, 32 ғимараттан бас тартылды.

Осы ретте халықтың әлжуаз тобына қызмет көрсететінін ескере отырып, мүгедектікті тағайындау, зейнетақы және жәрдемақыларды тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту, сондай-ақ тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешу біздің департаменттің негізгі міндеті болып табылады.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және азаматтардың заңды құқықтарын толық іске асыруға бағытталатын болады.

Бегман НҰРМАХАНОВ,

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы.

Пікір қалдырыңыз