Тарихи өзгерістер – халықтың көз алдында
Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай отырысындағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның
өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің
даму тарихындағы өте жауапты әрі маңызды белестермен тұспа-тұс келіп отыр. Биыл
Тәуелсіздігімізге 35 жыл толуы жай ғана мерейтойлық меже емес, бұл –
егемендігімізді нығайтып, өткенге салауат, болашаққа айқын бағдар жасайтын
ерекше тарихи сәт.
Мемлекет
басшысы өз сөзінде атап өткендей, халық қабылдаған жаңартылған Конституцияны
ұрпақтар арасындағы қастерлі келісім деп бағалаудың терең мәні бар. Шын
мәнінде, 1 шілдеде заңды күшіне енген Ата Заң саяси жүйені түбегейлі жаңғыртуға, жаңа билік
институттарының қалыптасуына және қоғамдық қатынастардың жаңа сапаға
көтерілуіне зор серпін берді. Өйткені бұл құжатта Қазақстанның бүгінгі
бітім-болмысы мен болашақ даму бейнесі нақты айқындалған.
Ең
бастысы, ел өміріндегі осы тарихи бетбұрыстар мен ауқымды реформалардың барлығы
азаматтарымыздың көз алдында, толық ашықтық жағдайында жүзеге асып жатыр.
Халықтың өз болашағына деген сенімі мен белсенділігі артып келеді. Сондықтан
бүгінгі Жолдауда айтылған міндеттер елімізді жаңа тарихи кезеңде жаңа биіктерге
бастайтын стратегиялық бағдаршам болары сөзсіз.
Ғалымжан
ОРЫНОВ,
Түркістан облыстық
білім басқармасының басшысы.