Түркістанда Бағдатсыз шара өтпейді
Әтіргүл Тәшім,
«Оңтүстік Қазақстан».
«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» дейді ұлы Абай. Дегенмен, өнер адамының жұлдызы талант пен еңбек тоғысқан, ізденіс пен шеберлік ұштасқан жерде ғана жанатыны анық. Түркістандағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің әншісі Бағдат Нысанбай үшін өткен жыл осындай еңбегі ақталған, жұлдызы жанған жыл болды. Ол «жылдың үздік әншісі» атанды.
Бағдат Түлкібас ауданы, Ақсу-Жабағылы ауылының тумасы. Айтуынша, әншілік оған нағашыларынан дарыған секілді.
– Отбасымызда менен басқа бауырларымның барлығы әкеміздің жолын қуып, ішкі істер органдарының қызметкері болды. Ал, мен өнер жолын таңдағанда бәрі, әсіресе әкем қарсы болды. Алайда, анам мені қолдады. Әкемді көндіріп, 6-сыныптан кейін Шымкент қаласындағы Батырбек Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған Өнер мектеп-интернатына орналастырды. Менің жүрек қалауымды айтқызбай ұғып, құлынының түбі бір жұлдызы жанатынына анам марқұм сенді, үміт етті.
Әншілік те маған анам жағы-нан – нағашыларымнан дарыса керек. Негізі біздің әулетімізде әнші түгілі, бұл салада жүрген адам жоқ. Дегенмен, әу демейтін қазақ жоқ қой: нағашы атам тәп-тәуір ән салыпты. Анамның туған әпкесі Гүлила Құрымбаева Жамбыл облысы, Байзақ аудандық Мәдениет үйінің әншісі, «Мәдениет және өнер саласының үздігі» медалінің иегері.
Анам да әнді ерекше сүйетін. Көпшілік ортаға, сахнаға шықпаса да, үйде үнемі ыңылдап ән айтып жүруші еді. Кенжесі болғандықтан ба, мені қатты жақсы көрді. «Өзге перзенттерімдей емес, сені 11 ай құрсағымда көтердім, кеш туғандықтан ірі, 5 келі болып дүниеге келдің. Бесікке бөлегенде де, аяққа салып тербетсем де ұдайы ән айтып отыратынмын. Бесік жырын ғана емес, халық әндерін, сол тұстағы хит әндердің барлығын айтушы едім. Ән тыңдамай ұйықтамайтынсың» дегені есімде, – дейді жас әнші.
Бағдат Нысанбай Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын музыкалық театр әншісі мамандығы бойынша бітірген. Профессор Гүлдана Сапарғалиева, театр және кино өнерінің майталмандары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Берік Айтжанов, Асан Мәжит, Мерей Махан, вокал бойынша Бейімбет Қожабаев секілді шеберлерден дәріс алған. Ж.Тәшенев университетінің магистратурасын да сәтті тәмамдапты.
– Өнер мектебімен қоса санағанда 14 жыл оқыппын. (Осының бәрі ата-анамның қолдауының, ақ батасының арқасында деп білемін). Алғашқы еңбек жолым Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театрында» басталды. Танымал режиссер Нұрқанат Жақыпбаев ағамыздың шақыртуымен барып, мюзиклдерде ойнадым. Менің шығармашылық қадамым осылай сәтті басталды. Сол кезде Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Конгресс Холл» көпсалалы кешені өнерлі жастарға кастинг жариялады. Сынақтан өтіп, «Jana lep» ұжымына жұмысқа қабылдандым. Түркістанға осылай келдім. Небәрі 4-5 ай ғана жұмыс істеген ұжымыммен қимай қоштастым. Ол театрдан аларымыз да, үйренеріміз де көп еді. Алайда, бізге Түркістанның мәдениеті мен өнерінің жаңғыруына үлес қосу міндеті жүктелді. Сол сенім үдесінен шығып, түркі әлемінің рухани астанасын әлемге таныту үшін барымызды салуға бел буып, білек түре кірісіп кеттік, – дейді Бағдат.
Қазақстанның әр өңірінен жиналған нағыз талантты жастардан құрылған «Jana lep» ұжымында жұмыс істеу Бағдатты одан әрі ширата түскендей. Сайдың тасындай іріктелген өнерпаздар Тұран өнерінің туын жықпай, абыроймен биікке көтеріп келеді. Асыра мақтағанымыз емес, облыстағы кез-келген мәдени іс-шара, концерттер Бағдатсыз өткен емес. Мерекелік концерттер, Ту көтеру рәсімі секілді түрлі іс-шараларда Бағдат Нысанбайдың орындауындағы «Туған жер», «Елім менің», «Атамекен» секілді әндер кештің көркін кіргізіп, көптің көңілін ғана емес, рухын да көтеріп жүр. Ол қысқа мерзімде өзінің айшықты өнерімен, әсерлі әндерімен көрермен жүрегіне жол тауып, ықыласына бөленіп үлгерді.
«Біздің ұжымда жұмыс істеудің өзі зор бақыт қой. Жан-жақтан жиналған өнерлі жастар тез тіл табысып, шығармашылық орта құра алдық. Ұжымым да, жұмысым да өзіме қатты ұнайды. Бірге оқыған курстастарымнан естіп-білгенім, ешбір облыста, тіпті елордада да әртістерге дәл мұндағыдай жағдай жасалмаған. Биыл, міне, үшінші жыл қызмет етіп жатырмыз, жалақымыз жоғары, пәтер берілді, барлық мәселелеріміз оңынан шешілген. Осы ретте облыс әкімдігіне, облыстық мәдениет басқармасына, біздің өнер көгінде қанатымыз талмай самғауымыз үшін барынша қолдау көрсетіп жүрген басшымыз Асқар Кенехан мырзаға ризашылығымды білдіргім келеді» дейді әнші.
Бағдат көбіне академиялық, опералық бағыттағы және патриоттық тақырыптардағы әндерді орындайды. Кешен құрамындағы «Алқоңыр» этнофольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен халық әндерін, Шәмші әндерін нақышына келтіріп шырқайды. Әсіресе, Шәмші Қалдаяқовтың «Теріскей» әнін, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекенін» шырқағанда зал тік тұрып қошемет көрсететініне талай куә болғанбыз. Бағдат көрерменнің мұндай ықыласы оған ерекше шабыт беретінін, халықтың құрметі шаршағанын сол сәтте-ақ ұмыттырып жіберетінін айтады. Рас, біле білгенге өнер жолы, өнерпаздың бейнеті оңай емес. Қыстың ызғарлы-аязды күндерінде, жаздың аптап ыстығында ашық алаңда өнер көрсетеді, аяқтан сыз, бастан суық өтеді. Аптап ыстықта да оркестрдің қыз-жігіттері («Керуен сарайда» туристерге концерт қойғанда) мауыты не барқыт шапан, саптама етік, құндыз бөрік киіп, қара терге түсуге мәжбүр. Күн демей, түн демей халыққа қызмет етеді, шаршайды, әрине. Алайда, жоғарыда жазғанымыздай, әнші көрерменнің ыстық ықыласы, қошеметі бәрін бір сәтте ұмыттырады дейді.
...Адамда арман таусылған ба, шіркін! Әу баста әнші болсам деп армандайтын бала Бағдат бүгінде Алаштың ән өнерін әлемге паш етсем дейді. Бесігін әнмен тербетіп, жеткіншек кезінде қолынан жетектеп өнер мектебіне апарған анасы шын дүниесінде сүт кенжесінің тілеуін тілеп жатқан болар...
Lucy Sliver
HOW TO RECOVER STOLEN CRYPTOCURRENCY / HIRE A HACKER WHO CAN HELP YOU IN RECOVERY YOUR STOLEN FUNDS Having a reliable hacker matters a lot. I just thought about sharing this here to help other people that may need this kind of service. Losing crypto to online scammers is too rampant these days, scammers are getting more intelligent that's why getting a legitimate expert on recovery of stolen crypto is so difficult. Most people have been scammed several times and they give up on their funds. I'm hereby to let all scam victims know that recovery is possible when you contact the right source, i am saying this because I was a victim too. I recommend GEO COORDINATES RECOVERY HACKER, a hacker who is my trusted hacker because all the work I gave to them, came out successfully. I thank you immensely GEO COORDINATES RECOVERY HACKER for helping me recover my Lost cryptocurrency. You can as well contact them if you have similar issues through their Email Email: geovcoordinateshacker@gmail.com Website; https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack
Jerome Herman
HOW TO RECOVER FUNDS LOST IN FOREX TRADING, CRYPTO INVESTMENT OR CRYPTO TRADING If you have fallen victim to a Bitcoin or crypto investment scam and have lost funds, it can be a devastating experience. However, there are steps you can take to try and recover your lost funds. One option is to contact GEO COORDINATES RECOVERY HACKER, a company that specializes in recovering funds lost to scams. Their services proved invaluable in my case, and their success in recovering my funds has been a tremendous relief. They have the skills and knowledge required to tackle such complex issues and provide effective solutions. I hope my story helps others who might be struggling with similar issues and encourages them to take action to recover their losses. Reach out to GEO COORDINATES RECOVERY HACKER via contact details Email: geovcoordinateshacker@gmail.com Telegram @Geocoordinateshacker Website; https://https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack
Жанар Сабырбековна
Керемет, Бағдат! Жаным, айналайын жұлдызың жана берсін. Биіктерден көріне бер. Тіл көзден сақтасын
Ақжол Жамбыл
Керемет! Менің досым Бағдат Нысанбай өте талантты әрі дарынды жігіт. Өнерің өрде алтын басың төрде болсын.
Анарбай Тұрманов
Бағдат Нысанбай өте білімді, адамдармен тез тіл табысады!