ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕНГІЗІЛДІ

Егер сталкинг зорлық – зомбылыққа, қауіп-қатерге немесе жеке өмірге қол сұғуға ұласса, ҚК-нің басқа баптары бойынша қатаң жауапкершілікке тартылады.

Сталкинг - бұл адамның қудалануын, яғни тұрақты қоңыраулар, хабарламалар, бақылау, үйдің немесе жұмыстың жанында пайда болу, тыныштық пен қауіпсіздікті бұзуды білдіреді. Биылғы 16 шілдеден бастап мұндай әрекеттер ҚР ҚК-нің 115-1-бабына сәйкес қылмыс болып есептеледі. Кінәлілер енді 200 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуге, 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына тартылуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Егер сталкинг зорлық – зомбылыққа, қауіп-қатерге немесе жеке өмірге қол сұғуға ұласса, ҚК-нің басқа баптары бойынша қатаң жауапкершілікке тартылады. Сондықтан сталкингтің құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласқаныңыз жөн.

Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы.

Пікір қалдырыңыз