ЖОЛ ЕРЕЖЕСІНЕ ЕНЖАР ҚАРАМАЙЫҚ!
Осы ретте облыс тұрғындары, қонақтар мен туристерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұранамыз.
2025 жылдың 9 айында
Түркістан облысы бойынша 925 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 20,3 пайызға өскен. Соның нәтижесінде зардап шеккендер
саны 19,5 пайызға артса, оның ішінде жарақат алғандар саны 21 пайызға, қаза
тапқандар саны 11,8 пайызға көбейген.
Жол-көлік
оқиғаларының аудан, қалалардағы үлесі қандай? Айталық, Түркістан қаласында -
136, Жетісайда - 130, Сайрамда – 121 оқиға тіркелсе, Арыста - 64, Түлкібаста - 55,
Келесте - 54, Шардарада - 47, Төлебиде - 41, Ордабасыда - 38, Созақта - 36,
Отырарда - 35, Сауранда - 35, Сарыағашта - 35, Қазығұртта – 29, Мақтааралда –
24, Бәйдібекте - 23, Кентауда – 22 факті орын алған
Жол-көлік
оқиғаларының негізгі себептерінің бірі жол қозғалысы ережелерін сақталмаудан
туындап отыр. Олардың ішінде белгіленген жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншілердің
жолды тиісті емес жерден кесіп өтуі, жол белгілері мен жол сызықтарының
талаптарын орындамау, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы бағыттағы қозғалысқа
шығу немесе басып озу ережелерін сақтамаудан болатын оқиғалар аз емес.
Осы ретте облыс
тұрғындары, қонақтар мен туристерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды
сұранамыз. Егер жол-көлік оқиғалары туралы ақпаратты білгіңіз келсе, ҚР Бас
прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің
«https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын
еске саламыз.
Айдын ТӨРЕБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Түркістан облысы
бойынша департаментінің бастығы.
#Заң_мен_Тәртіп
#Закон_и_Порядок