ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ: ЖАБЫҚ ЕСІКТІҢ АРҒЫ ЖАҒЫНДАҒЫ ҚАСІРЕТ

Егер әр адам өз құқығын біліп, көмекті қайдан сұрау керек екенін түсінсе, көптеген қайғылы жағдайдың алдын алуға болады.

Бүгінгі қоғамда отбасы мен тұрмыстық қатынастардың маңызы өте зор. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылық, оған қатысты құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар көбінесе жабық есіктің арғы жағында қалып, көп жағдайда жария болмай жатады. Сондықтан кез келген азамат зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда үнсіз қалмауы қажет. Себебі, үнсіздік зорлықтың жалғасуына жол ашады. Егер әр адам өз құқығын біліп, көмекті қайдан сұрау керек екенін түсінсе, көптеген қайғылы жағдайдың алдын алуға болады.

Зорлық-зомбылық тек отбасының ішкі мәселесі емес, ол - қоғамдық дерт. Әрбіріміз көрген-білгенімізге бей-жай қарамасақ, әлсізді қорғауға атсалыссақ, жағдайды өзгертуге мүмкіндік бар. Себебі, әр адам қауіпсіз, зорлықсыз қоғамда өмір сүруге құқылы. Ал, біздің ортақ міндетіміз –– тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасырмай, оған қарсы тұру.

Түркістан облысында 2025 жылдың 8 айында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыс саны 23,7% немесе 135-тен 167-ге өссе, оның басым көпшілігі әйелдерге қарсы жасалған. Яғни аталған көрсеткіш 120-дан 145-ке жоғарылаған.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстарға талдау жасайтын болсақ, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚР ҚК 106 бабы) 3-тен 5-ке (66,7%), денсаулыққа қасақана орта зиян келтіру (ҚР ҚК 107 бабы) 11-ден 16-ға (44,5%), ұрып-соғу (ҚР ҚК 109-1 бабы) 64-тен 98-ге (53,1%) өссе, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚР ҚК 108-1 бабы) бойынша 47-ден 39-ға (-17%), адам өлтіру (ҚР ҚК 99-бабы) 5-тен 1-ге (-80%) төмендеген.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстың орын алуына заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып соғуды криминализациялаудан туындайда. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылық тек жеке адамның ғана мәселесі емес, қоғамға тікелей әсер ететін әлеуметтік проблема. Онымен күресу үшін құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау бірлесіп жүргізілуі қажет. Отбасы мүшелер арасындағы бір-біріне сенім, құрмет және қауіпсіздік зорлық-зомбылық алдын алудың басты факторы болып табылады.

 Айдын ТӨРЕБЕКОВ,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы.

 

 

#Заң_және_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

Пікір қалдырыңыз